Студенттер үйі

«Astana It University»  студенттерге өзін-өзі тануға және белсенді болуға шақыратын үй-жаймен және жағдаймен қамтамасыз етеді. Университеттің тұрғын үйлерінде тұру – тек қана жақсы тұрмыстық жағдайлар ғана емес, сондай-ақ белсенді және толыққанды студенттік өмірді көрсетеді.

2 тұрғын үй кешені

Жеке ұлдарға және жеке қыздарға арналған

2 түрлі бөлмелер

Екі және үш орынды

Жабдықталуы

Оқу бөлмелері, демалыс бөлмесі, ас үй және кір жуатын бөлме

Тәрбиешілер мен әкімшілер

Әр тұрғын үй кешенінде
  • Қалада тұрмайтын студенттерге екі, үш бөлмелі орындар беріледі: Әр бөлмеде төсек, жұмыс үстелі, шкафтар бар. Бөлмелердің көлемі түріне байланысты бөлінеді.
  • Тұратын студенттерге жабдықталған ас үй мен тамақ даярлайтын бөлме бар. Ас даярлау тоңазытқышы, тоқ плитасы, духовка пеші, қысқа толқынды пеш мен ас үй гарнитуры бар ас үйде даярлауға ғана рұқсат етілген.
  • Білім алушылардың жайлы тұруы үшін оқу бөлмелері, демалыс бөлмесі, автоматты кір жуу машинамен жабдықталған кір жуатын бөлме, кір кептіру және үтіктеу бөлмелері бар.
  • Сондай-ақ барлық тұрғын үй кешендерінде интернетке қосылатын wifi-жүйесі бар.
  • Жайлы әлеуметтік-тұрмыстың жағдайлар, бос уақытты тиімді өткізу, университеттің тұрғын үйлеріндегі тәртіп пен тазалық, студенттердің өзін-өзі ұйымдастыруы мен эдвайзерлердің қолдауы – студенттердің университетте білім алу жағдайына тез әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің маңызды факторлары.
  • Жетім студенттер мен мүгедек студенттер университеттің тұрғын бөлмелерінде тегін тұрады, бұл білім алушының бейімделудегі аса маңызды фактооры болып табылады. Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасыдан шыққан студенттерге, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы орташа күнкөріс кірісінен төмен отбасылардан шыққан студенттерге – 20% жеңілдік беріледі.

Студенттік үйде тұрғын үй алуға тіркелу