Жасанды интеллект: жаңа ғылыми пікірталас клубы ЖИ қазіргі замандағы рөлін зерттейді

Осы оқу жылынан бастап «Біздің өміріміздегі жасанды интеллекттің (ЖИ) рөлі» атты ғылыми пікірталас клубы жұмысын бастады. Бұл – тарих ғылымдарының кандидаты, PhD Әсел Рашитовна Аужанова, жалпы білім беру пәндері департаментінің қауымдастырылған профессоры, өткізетін ағылшын тіліндегі ашық дәрістер мен семинарлар сериясы. Кездесулер барысында «Кеңес Одағындағы информатика тарихы», «Біздің өміріміздегі жасанды интеллекттің рөлі», «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының фокусындағы киберқауіпсіздік», «ЖИ инновациялары», «ЖИ арқылы шет тілдерін үйрену» сияқты тақырыптарға арналған дәрістер мен пікірталастар өткізілді. Спикер тарихқа, қоғамның әртүрлі салаларындағы жасанды интеллекттің дамуына қатысты қызықты және танымдық ақпаратпен бөлісті. Пікірсайыс клубы  біздің студенттеріміздің идеяларының үлкен идеялар мен жобаларға айналуына ықпал етеді деп үміттенеміз.

2-курс студенттері Артем Остриков пен Альмансур Какимов  құрған «Cerebrum» атты халықаралық клубын мақтанышпен атап айтуға болады. Клубтың ұраны – «Оқы. Зертте. Мақсатыңа жет».

Әсел Рашитовна осы клуб  тәлімгерлерінің бірі ретінде шақырылды. Студенттеріміздің идеялары мен жетістіктері көбейе берсін!