Жан Моне

2023 жылдың 22 желтоқсанында Эльмира Герфанова Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен Эразмус ақпараттық күніне қатысты. Бұл іс-шарада Эльмира Герфанова «Жоғары білім беру әлеуетін арттыру жобалары және Жан Монне» панельдік сессиясында баяндамашы ретінде сөз сөйледі. Астана IT университетінің базасында жүзеге асырылып жатқан Жан Моненің «Жоғары білім берудегі цифрлық мәдениет: Еуропалық көзқарас» модулінің барысы туралы есеп берілді. Баяндамада модульдің мақсаттары мен міндеттері, атқарылған және жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат қамтылды. Панельдік сессия барысында құрылымдық жобаларды іске асыру ерекшеліктері мен Эразмус бағдарламасының бағыттары арасындағы айырмашылықтар туралы қозғалған басқа қатысушылардың баяндамалары ұсынылды. Бұл қатысушыларға жобалардың әртүрлілігі мен маңыздылығын толық түсінуге, сондай-ақ заманауи жоғары білім беру саласында тәжірибе және идеялар алмасуға мүмкіндік берді.

«Жоғары білім берудегі цифрлық мәдениет: Еуропалық перспектива» Жан Моне (DigCEE) модулін іске асыру шеңберінде жоба үйлестірушілері, Жалпы білім беру пәндері департаментінің директоры Тлешова Ж.К. және осы Департаменттің ассистент профессоры Герфанова Е.Ф. бірлікте 2023 жылдың 6 қарашасында Астана IT университеті магистратура білім беру бағдарламаларының магистранттарына арналған семинар өткізді. Семинарда Еуропалық Одақ пен Қазақстанда білім беруді цифрландыру және цифрлық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ білім беруге цифрлық технологияларды енгізу саласындағы екі өңірдің негізгі бағдарламалық құжаттарына жасалған салыстырмалы талдаудың нәтижелері ортаға салынды.

Жан Моне ERASMUS-JMO-2022-HEI-TCH-RSCH «Жоғары білім берудегі цифрлық мәдениет: Еуропалық перспектива» (DigCEE) модулін іске асыру шеңберінде, жоба үйлестірушісі, Жалпы білім беру пәндері департаментінің директоры Тілешова Ж.К. «Білім берудегі және тілдерді оқытудағы заманауи тенденциялар» халықаралық ғылыми симпозиумында баяндама жасады.

Симпозиум Назарбаев Университетінде 2023 жылдың 17 қазанында өтті.

Баяндаманың тақырыбы – Еуропалық Одақ пен Қазақстанда білім беруді цифрландыру: бағдарламалық шаралар және болжаулар.

Баяндамада Қазақстан мен Еуропалық Одақтың білім беруді цифрландыру саласындағы бағдарламалық құжаттарының салыстырмалы талдауы ұсынылды.

Баяндамада екі аймақтағы білім беруді цифрландырудың болашағына қатысты болжаулар айтылды.

https://www.iatkl.kz/_files/ugd/b138d7_3c65f99d67174b7db1bd715301843b6b.pdf

2023 жылдың 2 маусымында «Astana IT University» – де DigCEE ERASMUS-JEAN MONNET MODULE-2022-HEI-TCH-RSCH шеңберінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге білім беру бағадарламалары департаменттерінің директорлары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Қатысушылар Модуль мазмұнын және оны оқу үдерісіне енгізу жолдарын талқылады. Модуль курсына AITU-дың 1 курс бакалавриат студенттері қатыса алды. Модуль 2023 жылдың 6-9 маусым аралығында өтті.

Модуль келесі тақырыптарды қамтиды:

  • ЕО зерттеулеріндегі цифрлық мәдениет тұжырымдамасы
  • Сандық Еуропа
  • ЕО-ның цифрлық білім беруді дамыту саясаты
  • Мәдениетаралық коммуникация және цифрландыру

2022 жылдың 15 желтоқсанында AITU-да Жан Моне модулі аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге университет әкімшілігі, профессорлық-оқытушылар құрамы және ЕО сарапшысы, Германияның Дортмунд университетінен келген профессор Карстен Вольф қатысты.

DigCEE ERASMUS-JEAN MONNET MODULE-2022-HEI-TCH-RSCH ғылыми жобасының мүшелері Жібек Тілешова мен Эльмира Герфанова қатысушылармен Модуль тақырыптары мен мазмұнын талқылады. Қатысушылар Еуропалық Одақ саясаты тұрғысынан жоғары білім берудегі цифрлық мәдениетті дамытудың теориялық және практикалық негіздерін талқылады. Профессор Вольф модуль тақырыптарына және модуль мазмұнына  енгізуге тиісті тұстардға қатысты кейбір ұсыныстарын айтты. Талқылау нәтижелері студенттерге арналған «Жоғары білім берудегі цифрлық мәдениет: Еуропалық перспектива (DigCEE)» модулінің мазмұнында көрініс тапты.

2022 жылы 18 қарашада Жан Моне модулін жүзеге асыруды бастау шеңберінде Astana ІТ Univeristy-де «Жоғары білім берудегі цифрлық мәдениетті дамыту: Еуропалық тәжірибе» (Жан Моне модулі «Digital Culture in Higher Education: European Perspective» (DigCEE))  жобасының ресми тұсаукесері өтті.  Жоба үйлестірушілері Жалпы білім беру пәндері департаментінің директоры Ж.К.Тлешова және осы департаменттің ассистенті Э.Ф.Герфанова. Кездесуде жоба, оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері туралы қысқаша ақпарат ұсынылып, модуль аясында курсты ұйымдастырудың негізгі түйінді мәселелері де талқыланды.

Жан Моне модулі еуропалық интеграция бойынша қысқа мерзімді оқу бағдарламасы болып табылады. Бұл жылына кемінде 40 сағаттан тұратын модуль. Модуль аясында Astana ІТ Univeristy «Mediatechnologies», «Digital Journalism», «IT Management», «IT Entreprenuership», «Soft Engineering» and «Cyber Security» бакалавриат білім беру бағдарламаларының студенттері оқытылады. DigCEE модулі Astana ІТ Univeristy студенттеріне білім беруді цифрландыру саласындағы Еуропалық Одақтың саясаты туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, модуль студенттердің технологияның әлеуметтік қатынастарға әсері мен қоғамды дамыту үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары туралы түсініктерін қалыптастыруға, сондай-ақ алған теориялық білімдерін практикада аналитикалық түрде қолдана білуге бағытталған.

Жобаның атауы: Жоғары оқу орындарында цифрлық мәдениетті дамыту: еуропалық тәжірибе (DigCEE)

Бағдарламаның атауы: ERASMUS-JEAN MONNET MODULE-2022-HEI-TCH-RSCH

Қаржыландыру көзі: Еуропалық Одақтың білім және мәдениет мәселелері бойынша атқарушы агенттігі

Жоба жайлы қысқаша ақпарат: Модульдің мақсаты – Еуропалық Одақ саясаты тұрғысынан жоғары білім берудегі цифрлық мәдениетті дамытудың теориялық және практикалық негіздерін қарастыру және одан әрі қолдану.
«Жоғары орындарында цифрлық мәдениетті дамыту: еуропалық тәжірибе» модулі келесі негізгі іс-шараларды қамтиды: тренингтер (дәрістер мен практикалық сабақтар), баяндамалар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, жазғы мектеп, конференция.
Оқу модулі аясында AITU-дың бакалавриат деңгейіндегі «Media Technologies», «Digital Journalism», «IT Management», «IT Entrepreneurship», «Software Engineering», «Cyber Security» білім беру бағдарламаларының студенттері оқытылады. Модуль студенттерге технологияны шығармашылық түрғысынан пайдалануға және технологиялық өзгерістердің қоғамдық қатынас саласындағы мәдени факторға әсерін талдауға мүмкіндік береді. Курсты аяқтағаннан кейін студенттердің білім беруді цифрлық түрлендіру саласындағы Еуропалық Одақтың саясаты жайлы терең білімі, технологияның әлеуметтік қатынастарға әсері және қоғамды дамыту үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары жайлы түсінігі қалыптасып, алған теориялық білімді тәжірибеде сараптама үшін қолдану дағдыларына ие болады.
Ұсынылған модульді енгізу білім беруді цифрландыру саласындағы Еуропалық Одақтың саясатына қызығушылықты дамытуға, жергілікті және ұлттық деңгейде Еуропалық Одақ зерттеулерін әртараптандыруға ықпал етеді.
Жобаны жүзеге асырғаннан кейін әзірленген барлық оқу материалдары Қазақстан ЖОО-ның білім беру бағдарламалары аясында еуропалық траекторияны қалыптастыру үшін негіз ретінде пайдаланылуға болады.

Іске асыру мерзімі: 36 ай
2022 жылдың 1 қазаны – 2025 жылдың 1 қазаны

Жұмыс пакеттері:
1. Жобаны әзірлеу, басқару және координация
2. Енгізу, тарату және коммуникация

Жобаға қатысушылар:
Жібек Тілешова – п.ғ.к., Astana IT University-нің Жалпы білім беру пәндері Департаментінің директоры,
Эльмира Герфанова – PhD, Astana IT University-нің Жалпы білім беру пәндері Департаментінің профессор ассистенті

https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/sv388/ https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/ladangtoto/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/scatter-hitam/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/blog/sv388/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/uploads/depo-5k/ https://smpn9prob.sch.id/content/luckybet89/