Ректорат – «Astana IT University» ЖШС білім беру, ғылыми-зерттеу және әкімшілік — шаруашылық қызметінің ағымдағы мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін алқалы жедел-кеңесші орган.

Ректораттың негізгі міндеттері AITU Даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан ағымдағы жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, негізгі іс-шараларды қамтамасыз ету, Ректордың және AITU басқа да корпоративтік және алқалы басқару органдарының құзыретіне жататын мәселелерді алдын ала қарастыру, сондай-ақ олар үшін ұсыныстар әзірлеу.

Ректораттың құзыреттілігіне келесі мәселелер кіреді:

  • AITU Даму стратегиясының және ағымдағы жоспарларының орындалуын мониторингілеу;
  • AITU құрылымдық бөлімшелерінің ағымдағы жұмыс жоспарларын орындалуына қатысты мәселелерді қарау;
  • AITU және оның құрылымдық бөлімшелерін дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Кәсіби бағытталу мен білім алушыларды қабылдауды ұйымдастыру;
  • Оқу процесін ұйымдастырудың ағымдағы сұрақтары мен оның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін қарастыру;
  • Өзара сабаққа қатысу және оқу сабақтарына бақылау мақсатында қатысу мәселелерін қарастыру;
  • AITU академиялық қызметін басқарудың ағымдағы сұрақтарын қарастыру;
  • AITU ғылыми–зерттеу қызметін ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін қарастыру, соның ішінде білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  • AITU тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін қарастыру;
  • AITU шаруашылық жұмысын ұйымдастырудың ағымдағы мәселелерін қарастыру;
  • Халықаралық қатынастарды ұйымдастырудың ағымдағы сұрақтарын қарастыру;
  • AITU алқалы және корпоративті басқару органдарының қабылдаған шешімдерін орындалуын мониторингілеу;
  • AITU Жарғысына, Қатысушылардың жалпы жиналысының тапсырмаларын, Бақылау кеңесінің және Басқарманың шешімдеріне сәйкес Ректораттың құзыреттілігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер шығару.

Ректораттың құрамына ректор, проректорлар және AITU құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Ректораттың құрамы AITU ректорының бұйрығымен бекітіледі. AITU ректоры Ректораттың төрағасы болып табылады, ректораттың қызметіне тікелей басшылық жасайды.

Ректорат әр оқу жылына ректормен бекітілген жоспарға сәйкес жұмысын жүргізеді. Ректорат отырыстарын AITU ректоры, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін уақытша атқарушы тұлға өткізеді. Ректорат отырыстары 2 (екі) аптада 1 (бір) рет өткізіледі.