Студенттік өмір

«Astana IT University» студенттерге кәсіби өсу мен қоғамдық қызметте, шығармашылық пен спортта өзін-өзі жетілдіруге,  жеке құзіреттіліктерінің деңгейін арттыруға барлық мүмкіндіктерге жол ашып беретін қызықты, жарқын және толыққанды студенттік өмір сыйлайды.  Университет қабырғасында жүріп сіздер қалалық және республикалық  ауқымдағы көптеген шараларға қатыса аласыздар.

Студенттермен жұмыс жөніндегі Департамент

Студенттермен  жұмыс жөніндегі Департамент – «Astana IT University» университетте тәрбие қызметін ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі.

Мақсаты-білім алушылардың жеке тұлғасын жетілдіруге және дамытуға бағытталған  оңтайлы тәрбие ортасын құру

Университеттегі жастар саясаты мен тәрбие ісінің негізгі нысаны студенттік жастар болып табылады.

Өзін-өзі басқару ұйымы

«Astana IT University» студенттік өзін-өзі басқару – студенттік жастар өмірінің маңызды сұрақтарын шешуге, олардың әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға, әр түрлі әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған студенттердің қоғамдық, бастамашыл, дербес қызметінің айрықша формасы. Универстиет студенттері қызықты әрі қоғамдық пайдалы студенттік өмірді ұйымдастыруға, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға жақындастыруға белсенді атсалысады.

Студенттік клубтар

Студенттік өмір – жастардың өміріндегі жаңа үлкен баспалдақ, сондықтан осы уақытты жарқын әрі пайдалы, қызықты етіп өткізу маңызды. Студенттік клубтарда өз идеяларын жүзеге асыруға, зияткерлік және көшбасшылық қабілеттерін кеңейтуге мүмкіндік беріледі.

Студенттер үйі

«Astana IT University» өз студенттеріне неғұрлым белсенді болуға әрі дамуға шақыратын тұрақ пен орта ұсынады. Университеттің тұрғын үйлерінде тұру тек қана жақсы жағдайлар туғызбайды, сондай-ақ белсенді, толыққанды студенттік өмірді көрсетеді. Жатақханадағы студенттік  өмір тәрбиешілер мен студенттік кеңес және тұрғындардың өздері ұйымдастырып өткізетін әрі университет өмірімен тығыз байланысты түрлі шаралар мен оқиғаларға толы.

Инфраструктура

«Astana IT University» «ЭКСПО» Іскерлік орталығында» орналасқан және айналасын «Нұр әлемі» павильоны, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» ІТ-стартаптар Халықаралық технопаркі, ЭКСПО Конгресс-орталығы, MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы, «Astana ballet» театры, «Hilton» отелі, Назарбаев университеті қоршап жатыр.

Психологиялық кеңес беру орталығы

Психологиялық кеңес беру орталығы AITU университет студенттеріне қиын жағдайларға тап болғанда тегін кеңестер береді. Орталыққа кез келген отбасылық, оқуға немесе жеке сипаттағы мәселелер: өзіне деген сенімсіздік, жақын, сүйікті адамдарын жоғалтуға байланысты  жалғызсырау, мазасыздану, оқуда немесе қарым-қатынастағы мәселелер, өз өміріне көңілі толмау сияқты жайттарда көмекке жүгінуге болады.

Медициналық қызмет көрсету

Состояние здоровья существенно влияет на формирование личности, подготовку высококвалифицированных специалистов.  Медицинским кабинетом проводится лечебная работа: оказание доврачебной помощи, неотложной помощи, первичная диагностика и амбулаторное лечение; организация и проведение профилактических медицинских осмотров, санитарно-просветительская работа.

AITU Спорт

Студенттердің физикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.  «Astana IT University» студенттік өмірінің ажырамас бөлігі спорт болып табылады. Біз студенттердің белсенді өмір сүруге ұмтылыстарын  спортпен айналысуға және түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстар мен шараларға қатысуы үшін мүмкіндіктер беру арқылы   қолдаймыз.

Astana IT University жатақханасы қайда орналасқан?

Astana IT University өз студенттеріне Қабанбай батыр 60а/6 (қыздар үшін) және Қабанбай батыр 60а/6 (ұлдар үшін) мекенжайы бойынша орналасқан. «Expo Residence» тұрғын үй кешендеріне де тұрақ ұсынады.

Университет жатақханасына тұру үшін студент нені дайындауы қажет?

Тұрғын үй кешеніне орналасқан кезде студент жиһазбен, жабдықтармен қамтамасыз етеді, кейіннен оған материалды жауапкершілік жүктеледі. Өзіңізбен бірге жастық, көрпе, екі төсек жиынтығын, ыдыс-аяқ және тұрғын кешенінде тұруға қажетті жеке заттарды алуға кеңес береміз.

Жатақхана бөлмелеріндегі мультиварка, қысқа толқынды пеш және басқа да электр құралдарын пайдалануға бола ма?

Өрт қауіпсіздігі бойынша университеттің тұрғын үй бөлмелерінде электрлі жылыту құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Ас даярлау үшін жабдықталған ас бөлмелері бар.

Astana IT University тұрғын кешендеріне орналасу, тұру мәселелерін шешу үшін қайда хабарласуға болады?

Университеттің тұрғын кешендеріне студенттердің орналасу, тұру сурақтары бойынша студенттермен жұмыс жөніндегі Департаментке хабарласуға болады. Сізге барлық қажетті ақпаратты және қажетті құжаттардың тізімін: 87172 645-709 байланыс телефондары арқылы ұсынады, кабинет с2 245.

Университет студенттерінің қандай спорттық секцияларға баруға мүмкіндіктері бар?

Университеттің спорт залында футбол, волейбол және баскетбол секциялары жұмыс істейді.

Спорт залының жұмыс кестесі?

Astana IT University-дегі спорт және «Cyber Arena» тренажер залы күнделікті сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді (дүйсенбіден сенбіге дейін, демалыс – жексенбі).

Қосымша дәрігерлік тексеру қажет болған жағдайда қайда жүгінуге болады?

Студенттің ауырғандығы туралы анықтамалар мен үзінді көшірмелер «Медикер-Астана» ЖШС-да беріледі. Басқа дәрігерлік мекелер анықтама берген жағдайда, Университеттің дәрігерлік пункт дәрігерінде куәландыру қажет.

Әр-түрлі медициналық мекемелермен ұсынылған медициналық анықтамалар жарамды болып табылады ма?

Студенттердің ауруы бойынша анықтамалар мен үзінділер «Медикер-Астана» ЖШС-нен берілуі тиіс. Анықтама басқа медициналық мекемелерден берілген жағдайда, оларды университеттің медициналық пунктінің дәрігерінен растау қажет.

Студенттік кеңеске қалай кіруге болады?

Студенттік кеңестің мүшесі болып қажетті моральдық, этикалық, іскерлік қасиеттері бар, сондай-ақ университеттің қоғамдық өміріне қатысатын университеттің әр студенті сайлануы мүмкін. Студенттік кеңеске кіру Студенттік кеңеске іріктеу арқылы жүзеге асырылады. Жаңа мүшені қабылдау туралы шешімді студенттік өзін-өзі басқару активі қабылдайды. Студенттік өзін-өзі басқаруға іріктеу тәртібі туралы толық ақпаратты студенттік өзін-өзі басқару президентінен білуге болады.

Әскерге баруды кейінге шегере ме?

Иә. Университетте оқу кезеңінде, күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға құқылы.

Эдвайзер – тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгері қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын меңгеруге ықпал ететін оқытушы. Сіз деканаттан эдвайзеріңізді біле аласыз.

Эдвайзер – преподаватель, выполняющий функции академического наставника обучающегося по соответствующей специальности, оказывающий содействие в выборе траектории обучения (формирования индивидуального учебного плана) и освоении образовательной программы в период обучения. Узнать кто у вас эдвайзер вы можете в деканате.

Студент не үшін оқудан шығарылуы мүмкін?

Студент дәлелді себептермен оқудан шығарылады: өз қалауы бойынша, оның ішінде денсаулық жағдайы бойынша; басқа оқу орнына ауысуына байланысты; егер оқу оқуға кеткен шығындарын толық өтеу арқылы жүргізіліп отырылған болса Шарт талаптарын бұзғаны үшін (қаржылық қарыз үшін), сондай-ақ дәлелсіз себептер бар: академиялық үлгермеушілік; университет Жарғысында, ішкі тәртіп ережелерінде, жатақханада тұру ережелерінде қарастырылған басқа да міндеттерді бұзғаны үшін.

Бакалавриат

Foundation

College AITU

404 Not Found

404

Not Found

The resource requested could not be found on this server!


Proudly powered by LiteSpeed Web Server

Please be advised that LiteSpeed Technologies Inc. is not a web hosting company and, as such, has no control over content found on this site.