«AITU iQyn 2023» Ағылшын тілі олимпиадасы – 11-12 сынып оқушылары қатыса алатын қашықтан өткізілетін олимпиада.
Біздің олимпиада – оқушылардың ағылшын тілін қаншалықты жақсы білетіндігін тексеруге әрі біздің университетімізге оқуға түсу кезінде ағылшын тілінен тапсырылатын емтиханнан босатылуға берілетін тамаша мүмкіндік.
Егер сіз шетел тілін аса ыждағаттылықпен үйреніп жүрген болсаңыз, әрдайым лексика мен грамматиканы есте сақтаудың жаңа тәсілдеріне қызығушылық танытсаңыз, IT саласын ағылшын тілінде оқығыңыз келсе, онда ағылшын тілінен өткізілетін «AITU iQyn 2023» олимпиадасы сізге арналған деп ойлаңыз.
Олимпиадаға қатысу формасы: қашықтан
Тур саны: 2
Олимпиада пәні: ағылшын тілі
Қатысушыларды тіркеу – 2023 жылдың 17 қаңтарында басталып, 24 ақпанда сағат 23:59-да аяқталады.
1 тур – 04.03.2023
1 турдың нәтижелері – 06.03.2023
2 тур – 07.03.2023-22.03.2023
Жеңімпаздарды жариялау – 30.03.2023
Олимпиадаға қатысу тәртібі:
Бірінші турда онлайн тестілеу форматында лексика, грамматика және оқу дағдылары (400 сөзге дейінгі мәтін) тексеріледі. Тестілеу ұзақтығы – 60 минут. Тестілеу онлайн режимінде «Moodle» білім беру платформасында өткізіледі (бейне-нұсқаулық пен тіркелу Ресми сайтта қолжетімді). Әр қатысушы үшін есептік жазбалар жасалады және Олимпиадаға тіркелу кезінде көрсетілген поштаға жіберіледі. Қатысушы платформаға кіруді алдын-ала тексеруі керек.
Екінші турда ауызекі сөйлеу дағдылары тексеріледі. Екінші турға жіберілген қатысушылар бес күн ішінде берілген тақырыпқа бейне-баяндама дайындауы тиіс. Бейне сөйлеудің тақырыбы мен критерийлері Ресми сайтта қол жетімді болады.
Бейне қойылымға қойылатын талаптар:
Бейне жіберу нұсқаулығы:
Олимпиаданың екі турынан сәтті өткен қатысушыларға Astana IT University-ге түсу кезінде ағылшын тілінен түсу емтиханынан босату туралы сертификаттар беріледі.