«Astana IT University» студенттік өзін-өзі басқару – студенттік жастар өмірінің маңызды сұрақтарын шешуге, олардың әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға, әр түрлі әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған студенттердің қоғамдық, бастамашыл, дербес қызметінің айрықша формасы. Универстиет студенттері қызықты әрі қоғамдық пайдалы студенттік өмірді ұйымдастыруға, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға жақындастыруға белсенді атсалысады.
2019 жылдың қарашасында Университетте Президент сайлауы өтті. Университеттің бірінші Президенті болып Жарылкасынов Алишер сайланды. студенттік жастардың өміріндегі маңызды сұрақтарды шешуге және оның әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға бағытталған студенттік Үкімет пен студенттік Кеңес құрылып, жұмыс істейді.
Студенттердің қоғамдық белсенділіктерін арттыру үшін университетте қызығушылықтар бойынша 25 клуб жұмыс істейді. Студенттік клубтардың қызметі студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға әсер ететін мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастырып, өткізуге бағытталған.