Университеттің ғылыми – техникалық кеңесі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті қалыптастыру және практикалық іске асыру саласындағы университеттің жоғары сараптамалық-кеңесші органы болып табылады.

ҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, университет Жарғысын және университеттің Ғылыми-техникалық кеңесі туралы Ережені басшылыққа алады.
ҒТК университет ректорының бұйрығымен құрылады.
ҒТК негізгі мақсаты – ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іс жүзінде жүзеге асыру механизмдері мен қалыптастырудың негізгі принциптерін жасау.

ҒТК негізгі міндеттері:
– кешенді ҒЗТКЖ, гранттық және инновациялық жобаларды орындау кезінде ғылыми бөлімшелердің жұмысын үйлестіру;
– университеттің ғылыми бөлімшелерінің даму перспективаларын, оларда жүргізілетін ғылыми зерттеулердің бағыттарын, олардың мамандарды даярлау бейініне және университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкестігін айқындау;
– университетте өткізілетін ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін талдау және бағалау, сондай-ақ университет бөлімшелерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін қарау;
-ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, гранттық және инновациялық жобалар туралы есептерді қарау және бағалау;
– университеттің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін көпшілікке тарату бойынша мәселелерді қарау және ұсынымдар әзірлеу, оларды коммерцияландыруға жәрдемдесу;
-университеттің ғылыми блогының құрылымдық бөлімшелерінің оқу-ғылыми-өндірістік процесті басқару мен үйлестіруді қамтамасыз ету және университетте ғылыми қызметті басқаруды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу бөлігіндегі өзара іс-қимылын талдау;
– университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету.

ҒТК төрағасы ғылым және инновация жөніндегі проректор болып табылады. Төраға орынбасары-университет деканы. Төраға болмаған жағдайда төрағаның орынбасары оның міндеттерін атқарады.
Хатшыны ҒТК Төрағасы тағайындайды.
ҒТК құрамына проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ПОҚ, университеттің студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіруі мүмкін.
Қажеттілігіне қарай ҒТК шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

ҒТК әрбір оқу жылына жасалатын және бекітілетін жоспарға сәйкес жұмысты жүзеге асырады.

https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/sv388/ https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/ladangtoto/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/scatter-hitam/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/blog/sv388/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/uploads/depo-5k/ https://smpn9prob.sch.id/content/luckybet89/