Дәріс «Қазақстандағы дәстүрлі садақ ату өнері және спорты»

2024 жылдың 12 сәуірінде Astana IT University 5 жылдығын және Наурыз мейрамын мерекелеу аясында философия ғылымдарының докторы, Жалпы білім беру пәндері департаментінің қауымдастырылған профессоры А. Қ. Aбдина «Қазақстандағы дәстүрлі садақ ату өнері және спорты» атты қонақ дәрісін ұйымдастырды.  Дәріскер ретінде дәстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ мәдениеттану докторанты Айым Тілепберген шақырылды.

Іс-шараға Astana IT University студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Айым Тілепберген қатысушыларды «Elorda Sadaq Atu» дәстүрлі садақ ату федерациясының қызметімен, сондай-ақ Қазақстан мен әлемде дәстүрлі садақ атудың қалыптасу және даму тарихымен таныстырды. Сонымен қатар, Айым аудиторияға дәстүрлі садақ элементтерін ұсынды, оларды жасау тарихы мен тәсілдерімен, сондай-ақ садақ пен жебені меңгеру шеберлігімен таныстырды.

Дәрістен кейін садақ атудың тарихы мен бүгіні туралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлік және ұлттық өнер мен спорт түрлерін жаңғырту қажеттілігі туралы қызықты пікір алмасу өтті. Бұл Astana IT University ұжымының «Elorda Sadaq Atu» дәстүрлі садақ ату федерациясымен екінші кездесуі. Алдағы уақытта университетіміздің студенттері мен оқытушылары үшін садақ ату бойынша мастер-класстар өткізу және ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлануда.