Отандық ғалымдар суперкомпьютерді құруда ғылыми қолдау көрсетуге дайын

Қазақстанда заманауи жоғары өнімді суперкомпьютерді құру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде отандық ғалымдар шетелдік әріптестерімен бірге Астана IT университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Суперкомпьютерлерде деректерді модельдеу және өңдеу мәселелерін шешуді ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық семинарда өз ғылыми нәтижелерін ұсынды.

Негізгі нәтижелер есептеу технологиялары және физикалық үрдістерді модельдеу, деректерді өңдеу, жасанды интеллект, суперкомпьютерлер үшін бағдарламаларды әзірлеу және жоғары өнімді есептеуіш техникадағы күрделі есептерді шешуге мамандарды дайындау салалары талқыланды.

Семинарға мемлекеттік органдардан, ғылыми-зерттеу институттарынан және жоғары оқу орындарынан 70-тен астам мамандар жиналды. Семинарға қатысушылар өнімділігі жоғары есептеуіш технологияларды қолдану арқылы әртүрлі салалардағы ел үшін өзекті мәселелерді шешу тәжірибесімен бөлісті.

Отырысқа ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки қатысып, «Ақпан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз қуаты күшті суперкомпьютер құруға кірістік. Ол ғалымдарға ғана емес, сонымен қатар біздің нарықта жұмыс істейтін түрлі компанияларға да қолжетімді болады» деп ұсыныс жасаған болатын. Елімізде бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінде, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚБТУ, Назарбаев университетінде ғылыми зерттеулер мен оқу үдерісі үшін пайдаланылатын жоғары өнімді ресурстар (суперкомпьютер) бар. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының 8 ұйымынан тұратын консорциум қазақ тілінің үлкен тілдік моделін (LLM) қалыптастыру бойынша қолданбалы жобаны жүзеге асыратын болады. Бүгінгі іс-шара біздің зерттеу топтарымызбен бірге экономиканың сұранысына ие болатын тәжірибелік есептерді шешуге бағытталған болашақ суперкомпьютерді тиімді пайдалану бойынша жүйелі ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған» – деп атап өтті.

Кездесу нәтижесінде қатысушылар бүгінгі күні елде бар есептеу ресурстары жеткіліксіздігін, болашақ суперкомпьютерді үлкен қызығушылықпен күтіп, ғылыми қолдау көрсетуге және өнімділігі жоғары суперкомпьютерлік технологияларды табиғи және техногендік үрдістерді есептеуіш модельдеу, тау-кен технологияларын оңтайландыру, химия өнеркәсібі, логистика, смарт қалалар, қауіпсіздік, геномдық технологиялар және медицина бағыттарындағы қолдаңбалары есептерді шешуде пайдалануға дайындықтарын жеткізді.

https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/sv388/ https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/ladangtoto/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/scatter-hitam/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/blog/sv388/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/uploads/depo-5k/ https://smpn9prob.sch.id/content/luckybet89/