INTERNATIONALIZATION MARATHON 2022
2022 ж.25 мамырда AITU ректоры Д. Ж. Ахмед Заки АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі атташесі Амбер Аура, мәдениет бөлімінің маманы Сара Смит, ағылшын тілі бағдарламасының маманы Ольга Петерова, мәдениет мәселелері жөніндегі ассистенті Айгүл Жолдасбаева,және ағылшын тілі бағдарламасының үйлестірушісі Әсем Данияровамен кездесті
Кездесу барысында АҚШ Мемлекеттік департаментінің «University Partnership Program – IHEEP»бағдарламасы аясындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша UGRAD, Fulbright, Hubert Humphrey және т.б. бағдарламалар шеңберінде АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарымен студенттер мен оқытушылардың өзара академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру туралы мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.
Astana IT University жоғарыда аталған барлық бағыттар бойынша АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім департаментімен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенімізді білдіреді.