INTERNATIONALIZATION MARATHON 2022 AITU  басшылығы Қазақстан Республикасындағы Түркия Елшілігінің өкілдерімен кездесті

2022 жылғы 24 мамырда университетті интернационалдандыру бойынша марафонды іске асыру, сондай-ақ «Life-long learning» және «Digital public administration and services» үздіксіз білім беру технологиялары арқылы G-Tech мемлекеттік басқару мен цифрландырудың аясында инженерлер мен кәсіпқой мамандарды даярлау жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде Astana IT University басшылығымен ресми кездесу өтті. Қазақстан Республикасындағы Түркия Елшілігінің мәдениет және білім мәселелері жөніндегі кеңесшісі Абдулмутталиб ЧЕТИН мырза, Назарбаев Университетінің профессоры Сонел Боснали, профессор Гүлбану Думан мен Садуллах Думан , Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінен университетімізге іс сапармен келді.

Кездесу барысында Astana IT University мен Түркияның алдыңғы қатарлы университеттері арасында ынтымақтастық орнату мәселелері, сондай-ақ Түркияның жетекші IT компанияларымен өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Осы іс-шарада Түркияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі атынан Абдулмутталиб ЧЕТИН Мырза Astana IT University кітапханасына кітап сыйға тартты. Astana IT University әмбебап ғылыми кітапханасының қоры түрік ойшылы  Нихад Сами Банарлынің ғажайып туындысымен толықтырылды.

Astana IT University қызметкерлері кітапхана коллекциясында лайықты орын алған, сыйға берілген кітап үшін Түркияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне шын жүректен алғыс білдіреді.

AITU oқу мен зерттелер жүргізу процесстерін әлемдік озық тәжірибелермен одан әрі толыққанды қамтамасыз ету мақсатында Түркия Республикасының жетекші білім беру мекемелері мен қатар  бизнес және индустрия құрылымдарымен де байланыс орнатуға мүдделі.

2022 ж.14-16 наурыз аралығында AITU ректоры Түркияға іскерлік сапары аясында келесі жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізді: Gazi University, METU University, Hacetteppe University, Ankara University, Sakarya University және одан әрі ынтымақтастық туралы шешім орнатты. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми зерттеулер, ғылыми конференциялар өткізу, жазғы мектептерге қатысу, дәріс оқу үшін шетелдік профессорларды шақыру, білім алушылар мен ПОҚ үшін академиялық бағдарлама лармен студенттерды тарту мақсатында біздің түлектеріміз үшін ғылыми тағылымдамалар бағыттары бойынша келіс сөздер ұйымдастырылды. Сондай-ақ іскерлік сапар шеңберінде AITU делегациясы Түркияның жетекші IT компанияларына барып,AITU студенттерінің түрік компанияларында өндірістік практикадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/sv388/ https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/ladangtoto/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/scatter-hitam/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/blog/sv388/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/uploads/depo-5k/ https://smpn9prob.sch.id/content/luckybet89/