Astana IT Университетінде «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2024 жылғы 1 наурыз күні, 16-00 сағатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және көрнекі қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері және академик Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығы шеңберінде Astana IT University-де «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Astana it University (бұдан әрі-Университет) бірлесе ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Сенат депутаттары Университеттің ғылыми-техникалық жетістіктерімен, Fablab прототиптеу зертханасы, Smart City, Электрондық өнеркәсіп және Индустрия 4,0 заманауи ғылыми зертханаларымен танысты.

Дөңгелек үстелге депутат Нұртөре Жүсіп бастаған Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрамына кіретін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасының орынбасары Асылхан Бибосынов, Astana IT University ректорының м.а. Серік Өмірбаев, ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Аталған іс-шара Университет өміріндегі маңызды оқиғаға айналды және Қ. Сәтбаевтың әлемдік ғылымға енгізген идеологиялық  ғылыми білім дәуірін таратуға мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қ. Сәтбаевтың ғылыми және қоғамдық жетістіктерін, оның Қазақстанның және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың ғылыми ойлауын дамытуға қосқан үлесін талқылады. Ғалымның өз еңбектері мен сөйлеген сөздерінде қалыптасқан идеялары мен принциптері және олардың қазіргі ғылым, білім және мәдениет үшін маңызы қарастырылды.

 Серік Өмірбаев өз сөзінде Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан ғылымының ірі ұйымдастырушысы ретіндегі тарихи рөлін атап өтіп, ұлы қазақ ғалымының ғылыми мұрасының асқақтығына баса назар аударды.

Өз кезегінде Университет ғалымдары да отандық ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Осы ретте, Университет құрылған сәттен бастап жалпы қаржыландыру көлемі 3,015 млрд.теңгені құрайтын 53-тен астам ғылыми жоба жүргізілуде. Осы жылдар ішінде AITU аффилиациясымен Scopus-та 249 жарияланым жарияланды, бұдан басқа Университет құрылғаннан бері 24 авторлық куәлік алынды, 3 ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі тіркелді.

Іс-шараға қатысушылар Қ.Сәтбаевтың идеялары мен мұрасын тарату еліміздің ғылыми және білім беру саласын дамытудағы маңызды кезең болатынын және жас ғалымдарға ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер жолында шабыт беретінін ерекше атап өтті.

https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/sv388/ https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/ladangtoto/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/scatter-hitam/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/blog/sv388/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/uploads/depo-5k/ https://smpn9prob.sch.id/content/luckybet89/