Жоғары экономика мектебі өкілдерінің сапары

2023 жылғы 31 наурызда Ұлттық зерттеу университетінің Экономика жоғары мектебінің (Ресей) өкілдері, атап айтқанда, Ұлттық зерттеу университеті Жоғары Экономика мектебі жанындағы Жоғары бизнес мектебі директорының бірінші орынбасары Иван Валерьевич Простаков пен Армен Левонович Бекларян, ағылшын тіліндегі бизнес-аналитикасы және үлкен деректер жүйесі бойынша магистратураның академиялық жетекшісі Astana IT University-ге сапармен келді.

Кездесу барысында цифрландыру жөніндегі Проректор Лебедев Данил Владимирович AITU туралы презентациясын көрсетті, сонымен қатар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша тілектерін білдірді.

Ресейлік тарап AITU мен Жоғары Экономика мектебі арасындағы ықтимал ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жариялады. Осылайша, тараптар профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің өзара академиялық ұтқырлығы салаларында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға келісті. Экономика жоғары мектебінің өкілдері де бірлескен іс-шараларды өткізуде ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.