БҰҰДБ қолдауымен ғалым әйелдерге арналған дағдылар марафоны өтті

Астана, 2023 ж. 28 наурыз – Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Астанада ғылыммен айналысатын қазақстандық әйелдерге арналған дағдылар марафоны өтті. Еліміздің түрлі университеттерінен келген отыз жеті ғалым әйел олардың мансаптары үшін аса маңызды зерттеу әлеуеті мен «жұмсақ» дағдыларды дамытуға бағытталған іс-шараға қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа әйелдердің STEM мен инновацияларға әсіресе цифрлық технологиялар дәуірінде қосқан үлесін мойындаудың маңыздылығын атап өтті. «Ғылымдағы гендерлік теңсіздіктің түпкі себептері бейсаналық көзқарастар мен гендерлік стереотиптерде жатыр. Инновациялық жобаларды қалыптастырудағы әйелдер мен қыздардың негізгі рөлін қалыптандыра отырып қана біз қазіргі уақытта әлемде кездесетін күрделі экономикалық және әлеуметтік теңсіздіктерді жеңе аламыз», – деп атап өтті Вавьерниа ханым.

2020 жылы БҰҰДБ қоғамдағы гендерлік соқыр сенімдер мен стереотиптердің әйелдердің саясатта, еңбек нарығы мен білім беруде табысқа жетуіне қаншалықты кедергі келтіретінін өлшеуге мүмкіндік беретін Гендерлік әлеуметтік нормалар индексін (GSNI) ұсынды. Индекстің негізінде әлем халқының 80%-і қамтылған 75 елдің деректері талданды. Қазақстан деректері ел халқының 96%-інде әйелдерге қатысты соқыр сенімдердің бар екенін көрсетті. Дәл осы себепті қазіргі гендерлік теңгерімсіздікті әйелдердің ғылымға теңдестірілген қатысуын ынталандыру арқылы институционалдық деңгейде ғана емес, әйелдер мен қыздарға қатысты қолданыстағы әлеуметтік нормалар мен стереотиптермен жұмыс жасай отырып әлеуметтік өрісте де шешу маңызды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық алшақтық туралы соңғы баяндамасына сәйкес, Қазақстан әлемдік рейтингте тұрақты орта орындарды иелене отырып, 65-ші орынға ие болды. Білім алуға қол жеткізудегі әйел мен ер адамдар арасындағы теңсіздік деңгейін өлшейтін білімге қол жеткізу көрсеткіші бойынша Қазақстан 27-ші орында.

Іс-шарада сөз сөйлеген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бүгінде Қазақстанда білім мен ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылып жатқанын атап өтті. Жоғары білімге қолжетімділік соңғы жылдарда айтарлықтай өсті. Техникалық мамандықтарға мемлекеттік білім беру гранттарының саны артып келеді, ал қаңтар айынан бастап ғылымды қаржыландыру көлемі де айтарлықтай ұлғайтылды. Алайда, ілгерілеумен қатар техникалық және кәсіптік білім беруде оқыту пәндерін таңдауға қатысты, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналасуға қатысты айтарлықтай гендерлік сараланым байқалады. Ғылымға әйелдердің жеткіліксіз қатысуы оны дамыту мен елдің бүкіл индустриялық дамуы жөніндегі саяси шешімдерге деген ықпалдың азаюына, сондай-ақ қыздардың өскелең ұрпағы үшін технологиялық және ғылымды қажет ететін салаларда рөлдік модельдердің жеткіліксіздігіне алып келеді.

«Қазақстанда әйелдердің білім алуға қол жеткізуі көптеген жылдар бойы үлгілі болған. Елдегі әйелдердің ғылымға қатысу деңгейі де өте жоғары. Дегенмен, біз докторантурада оқу кезінде әйелдердің оқудан шығып кету деңгейінің жоғарылығы мен жоғары білім беру саласындағы топ-менеджерлер арасында әйелдер өкілдігінің төмендігін байқаймыз. Тез арада себептерді анықтап, оларды жоюбіздің басым мақсатымыз, өйткені ғалым әйелдердің әлеуеті елдің экономикалық дамуына үлкен пайда әкеледі», – деп қорытындылады Министр.

Марафон жаттықтырушыларының арасында мемлекеттік сектор, ҮЕҰ, ғалымдар мен бизнес өкілдері болды. Спикерлер коммуникация, ғылыми жобаларды коммерцияландыру және жүйелі ойлау бойынша оқыту семинарларын өткізді. Іс‑шара Astana IT University негізінде өтті.

«Гендерлік теңдік цифрлық басқарудың барлық аспектілері мен цифрлық экожүйе қатысушыларына әсер ететін құрылымдық және трансформациялық өзгерістерге алып келеді. Ұлттық цифрлық стратегияларды әзірлеу мен іске асыру кезіндегі гендерлік проблематиканы есепке алудың маңыздылығы әділ әрі гендерлік аспектілерді ескеретін экономикалық даму үшін бірінші кезекте», – деп атап өтті өз сөзінде Astana IT University ректоры Серік Өмірбаев.

Іс-шараның аясындағы қатысушы әйелдер үшін ортақ болған тағы бір мақсат – Қазақстандағы климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі белсенді іс-қимылды ілгерілету. Дағдылар марафоны Жапония Үкіметі қаржыландыратын «Ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды нөлдік шығарындыларға және төтенше климаттық жағдайға жауап ретінде климаттың өзгеруіне қарсы төзімділікке қол жеткізу үшін пайдалану» атты Қазақстандағы БҰҰДБ жобасы шеңберінде өтті.

https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/sv388/ https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/ladangtoto/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/scatter-hitam/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/blog/sv388/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/uploads/depo-5k/ https://smpn9prob.sch.id/content/luckybet89/