«Astana IT University» студенттерге кәсіби өсу мен қоғамдық қызметте, шығармашылық пен спортта өзін-өзі жетілдіруге, жеке құзіреттіліктерінің деңгейін арттыруға барлық мүмкіндіктерге жол ашып беретін қызықты, жарқын және толыққанды студенттік өмір сыйлайды. Университет қабырғасында жүріп сіздер қалалық және республикалық ауқымдағы көптеген шараларға қатыса аласыздар.
Студенттермен жұмыс жөніндегі Департамент — «Astana IT University» университетте тәрбие қызметін ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі.
Мақсаты-білім алушылардың жеке тұлғасын жетілдіруге және дамытуға бағытталған оңтайлы тәрбие ортасын құру
Университеттегі жастар саясаты мен тәрбие ісінің негізгі нысаны студенттік жастар болып табылады.
«Astana IT University» студенттік өзін-өзі басқару – студенттік жастар өмірінің маңызды сұрақтарын шешуге, олардың әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға, әр түрлі әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған студенттердің қоғамдық, бастамашыл, дербес қызметінің айрықша формасы. Универстиет студенттері қызықты әрі қоғамдық пайдалы студенттік өмірді ұйымдастыруға, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға жақындастыруға белсенді атсалысады.
«Astana IT University» өз студенттеріне неғұрлым белсенді болуға әрі дамуға шақыратын тұрақ пен орта ұсынады. Университеттің тұрғын үйлерінде тұру тек қана жақсы жағдайлар туғызбайды, сондай-ақ белсенді, толыққанды студенттік өмірді көрсетеді. Жатақханадағы студенттік өмір тәрбиешілер мен студенттік кеңес және тұрғындардың өздері ұйымдастырып өткізетін әрі университет өмірімен тығыз байланысты түрлі шаралар мен оқиғаларға толы.
«Astana IT University» «ЭКСПО» Іскерлік орталығында» орналасқан және айналасын «Нұр әлемі» павильоны, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» ІТ-стартаптар Халықаралық технопаркі, ЭКСПО Конгресс-орталығы, MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы, «Astana ballet» театры, «Hilton» отелі, Назарбаев университеті қоршап жатыр.
Психологиялық кеңес беру орталығы AITU университет студенттеріне қиын жағдайларға тап болғанда тегін кеңестер береді. Орталыққа кез келген отбасылық, оқуға немесе жеке сипаттағы мәселелер: өзіне деген сенімсіздік, жақын, сүйікті адамдарын жоғалтуға байланысты жалғызсырау, мазасыздану, оқуда немесе қарым-қатынастағы мәселелер, өз өміріне көңілі толмау сияқты жайттарда көмекке жүгінуге болады.
Состояние здоровья существенно влияет на формирование личности, подготовку высококвалифицированных специалистов. Медицинским кабинетом проводится лечебная работа: оказание доврачебной помощи, неотложной помощи, первичная диагностика и амбулаторное лечение; организация и проведение профилактических медицинских осмотров, санитарно-просветительская работа.
Студенттердің физикалық тәрбиесі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. «Astana IT University» студенттік өмірінің ажырамас бөлігі спорт болып табылады. Біз студенттердің белсенді өмір сүруге ұмтылыстарын спортпен айналысуға және түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстар мен шараларға қатысуы үшін мүмкіндіктер беру арқылы қолдаймыз.