Ғылым және инновация

AITU ғылым және инновациялар департаменті

Astana IT University сандық трансформациялауды үздік мамандарды даярлау және табысты инновацияларды қалыптастыру арқылы басқарады. Университет аймақтың ғылымы мен инновациясының драйвері және флагманы болып табылады және ғылыми-инновациялық университет үлгісіне сәйкес келеді, зияткерлік-аналитикалық жүйелерді құрудағы жетекші ұйым болып табылады.

Департаменттің мақсаты

Fылыми-инновациялық топтардың, соның ішінде университеттің студенттері, магистранттары мен докторанттары инновациялық ғылыми-техникалық идеяларды, әлеуметтік және бизнес жобаларды жүзеге асыру үшін жұмысты ұйымдастыруға және тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау

Ғылыми-инновациялық орталықтар

ҒИО Industry 4.0 — келесі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді: интеллектуалды өндірістік шешімдерді зерттеу, оңтайландыру және модельдеу.
ҒИО директоры: PhD Александр Витальевич Нефтисов.

ҒИО AgroTech — келесі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді: қашықтықтан зондтау, дәлме-дәл егіншілік пен мал шаруашылығы, ұшу аппараттары мен робототехника, сандық далалық карталар.
ҒИО директорының м.о.: Белощицкий А.А.

ҒИО Smart city — ҒИО Smart city — ғылым, инновация және табысты ынтымақтастық арқылы болашақтың ақылды қалалары үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект арқылы интеллектуалды шешімдерді құру бойынша зерттеулер жүргізеді.
ҒИО директоры: PhD Едилхан Дидар

ҒИО Big Data and Blockchain Technologies — жасанды интеллект, үлкен деректер және блокчейн технологиялары салаларында зерттеулер жүргізеді.
ҒИО директоры: PhD Нугуманова Алия

Ғылыми-зерттеу зертханасы FabLab, ғылыми-зерттеу процесінің материалдық-техникалық және әдістемелік базасы болып табылады.

Коворкинг «Astana IT University» ЖШС студенттік кәсіпкерлікті дамытуға арналған алаң.

Astana IT University базасында әр түрлі елдердің ғалымдарының еңбектерін жариялайтын және ғылыми қауымдастыққа мүмкіндік беретін «Scientific Journal of Astana IT University» халықаралық ғылыми журналы шығарылады, әр түрлі елдердің ғалымдарының жұмыстары жарияланып, университеттің ғылыми қоғамдастығына халықаралық деңгейде тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді, журналды Scopus, Web of Science мәліметтер базасына енгізу жоспарланып отыр.

Департамент құрылымы

Жакиев Нурхат
Департамент директоры

Tel: +7 (7172) 64-57-13
Email: nurkhat.zhakiyev@astanait.edu.kz
Room: C1.2.329

КАМБАРОВА ЖУЛДУЗ
Бас менеджер

Tel: +7 (7172) 64-57-13
Email: Zhulduz.Kambarova@astanait.edu.kz
Room: C1.2.156

Махамбетова Жансая Кайырбаевна
Менеджер

Tel: +7 (7172) 64-57-13
Email: zhansaya.makhambetova@astanait.edu.kz
Room: C1.2.155

КАСКАБАЕВА ДАНА БЕРДИЖАНОВНА
Менеджер

Tel: +7 (7172) 64-57-13
Email: d.kaskabayeva@astanait.edu.kz
Room: С1.2.155

ИМАНГАЛИЕВ АЛМАС ТЕМИРБЕКОВИЧ
Маман

Tel: +7 (7172) 64-57-13
Email: a.imangaliyev@astanait.edu.kz
Room: С1.2.155

Департамент функциялары

  • Профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен қызметкерлер үшін мемлекет, даму институттары және қорлар есебінен қаржыландырылатын жобалар, сыйлықтар, атаулы стипендиялар конкурстарына қатысу бойынша ақпараттық-ұйымдастырушылық және үйлестіру іс-шараларын өткізу.
  • Ғылыми-зерттеу, жобалау және басқа да жұмыс түрлерін қамтитын жылдық жоспарлар мен ережелерге сәйкес қызметті жүзеге асыру.
  • Студенттер мен оқытушылар үшін конкурстар, хакатондар, көрмелер, конференциялар және мастер-кластар ұйымдастыру.
  • Ғылыми кеңестің, Ғылыми-техникалық кеңестің, Жас ғалымдар кеңесінің және т. б. қызметін ұйымдастыру.
  • Отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми-зерттеу және басқа да келісімшарттық жұмыстар жүргізу.
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды тарту;
  • Зияткерлік меншікті қорғау, ғылыми, зерттеу және конструкторлық әзірлемелерді, технологиялар мен прототиптерді патенттеу бойынша кеңес беру қызметтерін ұсыну.
  • AITU халықаралық журналының жұмысын ұйымдастыру және оны ғылыми метрикалық базаларына насихаттау.
  • Ғылыми-практикалық іс-шараларды (конференциялар, конгрестер, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізу және ғылыми баяндамалар, ғылыми мақалалармен қатысу.
  • Бағдарламалық комитеттерге, ғылыми-практикалық іс-шаралардың редакция алқаларына бірлесіп ұйымдастырушы ретінде қатысу.
  • Инвестицияларды тарту мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау.
  • AITU коворкинг, Atameken Space кеңістігін ұйымдастыру және басқару: бөгде IT-стартаптарды тарту, резиденттерге кеңсе кеңістігін беру, практикадан өту, Нұр-сұлтан қаласы әкімінің жанындағы IT-кеңестің отырысын өткізу.
  • Оқытушыларды, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен тарту, сондай-ақ оқу процесінде зерттеу нәтижелерін белсенді пайдалану, пәндердің жобалық қызметке бағдарлануы, курстық жұмыстар мен дипломдық жобалардың сапасын мониторинг арқылы ғылыми зерттеулердің оқу-тәрбие процесімен байланысын нығайту.
  • Аттестаттаудан, аккредиттеуден өту үшін, сондай-ақ сұрау салу бойынша басқа да органдарға AITU жиынтық ақпаратты мен құжаттарын дайындау және ұсыну.

Ғылыми көрсеткіштер

Университет ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет конкурстарына белсенді қатысады, нәтижесінде 2021-2023 жж. жалпы сомасы 150 млн.теңгеден асатын ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыру жобалары іске асырылады.

Қаржыландырылатын жобалар

Тақырыбы

Ғылыми жетекшісі

Конкурс атауы

нәтижесі, сомасы

1

ИТ оценивания научной деятельности вузов, НИИ и их подразделений

Белощицкий А.А.

ҚР БҒМ, 2020-2022 жж.  (27 ай)

Бекітілген

60.14 млн.тг

2

Некоммутативные симметрические пространства и связанные с ними проблемы

Мади Р.

ҚР БҒМ, 36 ай

2021-2023

Бекітілген  

62.39 млн.тг

3

Гибридное моделирование энергосистемы для создания дорожной карты ВИЭ РК с высокой пространственной, временной и технической дезагрегацией

Жакиев Н.К.

Команда: Насирхан Р., Калакова А. и др.

ҚР БҒМ, 36 ай

2021-2023

Бекітілген

46.36 млн.тг

4

Применение методов машинного обучения для оптимального планирования состава генерирующего оборудования павлодарского ТЭЦ-1

Жакиев Н.К.

Команда: Омиргалиев Р., Салкенов А.

ҚР БҒМ, 12 ай

2021

Бекітілген

8.0 млн.тг

 

Жас ғалымдарды ынталандыру үшін университет жыл сайын ғылыми жобаларды іске асыруға университетішілік гранттар бөледі.

AITU ПОҚ-ғы өзінің ғылыми еңбектерін Q1-Q2 квартилімен Scopus және Web of Science индекстелетін басылымдарда белсенді жариялайды.

Қазақстандық ғылымды ілгерілету және АКТ саласындағы озық нәтижелермен алмасу мақсатында AITU-да жыл сайын IEEE «2021 IEEE Smart Information Systems and Technologies» халықаралық қоғамдастығының қолдауымен Халықаралық ғылыми конференция өткізіледі. Жақын және алыс шетелдерден ат индустриясының түрлі салаларынан ғалымдар мен мамандардың қатысуы жоспарлануда.