Creative Spark British Council: Жоғары білім берудегі кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

Astana IT University Creative Spark бағдарламасында

Astana IT университеті Creative Spark бағдарламасы: жоғары оқу орындарына кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Алматы Менеджмент Университетімен (Қазақстан) және Нортгемптон Университетімен (Ұлыбритания) серіктестік орнатты.

Creative Spark – Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказ (Әзербайжан, Армения, Грузия) және Украина сияқты жеті елде кәсіпкерлік дағдылар мен креативті экономиканы дамыту үшін халықаралық университеттерді қолдауға және халықаралық серіктестік орнатуға арналған бес жылдық бастама. Ұлыбританияның қолдауы.

Жобаны іске асыру мерзімі

2021 жылдың қазаны – 2022 жылдың шілдесі

Бағдарлама үш негізгі элементті қамтиды:

  1. Кәсіпкерлік білім беруді қолдау және кәсіпкерлік орталықтарын құру мақсатында Ұлыбританиядағы және бағдарламаға қатысушы елдердегі университеттер мен шығармашылық институттар арасындағы серіктестікті дамыту.
  2. Студенттер мен шығармашыл кәсіпкерлерге арналған кәсіпкерлік бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, онда идеяларды ұсыну, бизнес ашу, зияткерлік меншікті қорғау және несие алу сияқты тақырыптар қамтылады.
  3. Білім берудің цифрлық ресурстарына, соның ішінде оқыту платформаларына, онлайн курстарға және кәсіпкерлерге арналған ағылшын тіліне бағытталған жаппай ашық қашықтықтан оқыту курстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ағылшын тілін оқыту.

Зияткерлік меншік құқығына кіріспе
Спикер: Чанышева Дилия, тәжірибелі заңгер, құқық магистрі зияткерлік меншік және жаңа технологиялар бойынша француз университеті Université Grenoble Alpes түлегі

ҚР Еңбек заңнамасы саласындағы өзекті мәселелелр
Спикер: Есіркепова Мадина Меирбековна – қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Astana IT University.

Сандық кәсіпкерлік
Спикер: Dr. Katerina Thomas – сеньор лекторы, PhD докторы, University of Northampton, UK.

Хакатон AITUHACKDAY: CREATIVE INDUSTRY

«AITUHackday: Creative industry» хакатоны «Creative Spark, British Council: кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жоғары оқу орындарына арналған бағдарлама» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 8-9 сәуірде ұйымдастырылды.

Хакатонның мақсаттары

  1. Дарынды, креативті таланттарды табу.
  2. Белгілі бір бизнес мәселесін шешу/жаңа қосымшаның немесе қызметтің пилотты жобасын іске қосу.
  3. Жастардың әртүрлі салалардың басшыларымен және жетекші мамандарымен – AITU серіктестерімен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Серіктестер мен демеушілер

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «KazDream Technologies» ЖШС (бұдан әрі-KazDream), Алматы менеджмент университеті, University of Northampton, «Seedstars NABU Limited»ЧК.

Хакатон парағы: https://admission.astanait.edu.kz/hackaton

Форум «Креативті индустрияны дамытуда білім беру рөлі»

Қорытынды форум 2022 жылғы 21 қазанда Қазақстан, Қырғызстан және Ұлыбританиядан келген бағдарламаның серіктес жоғары оқу орындары қатысуымен өткізілді. Форумға Қазақстанның Британдық Кеңесі мен Еуропалық өңірдің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының, Алматы қаласы әкімдігінің, халықаралық ұйымдардың, Ұлыбританиядан, Қазақстаннан және Қырғызстаннан келген Creative Spark бағдарламасының серіктестерінің өкілдері қатысты.

Форум туралы толығырақ https://kazakhstan.britishcouncil.org/ru/events/creative-spark-final-forum-kazakhstan-and-kyrgyzstan

Big Idea Challenge 2022

Big Idea Challenge – бұл Creative Spark елдерінің жастары өздерінің инновациялық стартап-идеяларымен әлеммен бөлісетін бейне питч байқауы.

AITU «Studentor» командасы республикалық байқауда «Үздік цифрлық шешім» жүлдесін жеңіп алды.

Big Idea Сhallenge 2022 жылғы Astana IT University-нен финалистер:


Latin.kz


Studentor

Серіктестер мен демеушілер

Проект командасы

Камбарова Жұлдыз – Project Lead, Zhulduz.kambarova@astanait.edu.kz

Махамбетова Жансая – Deputy Lead, Project Administrator, Zhansaya.makhambetova@astanait.edu.kz

Есіркепова Мадина – Deputy Lead, madina.yessirkepova@astanait.edu.kz

Байланыс

Астана
EXPO Бизнес-орталығы, блок С. 1.
Қазақстан Республикасы, 010000

(7172) 645713

science@astanait.edu.kz