Ағылшын тілінен AITU iQyn олимпиадасы

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Сіздерді AITU Ағылшын тілі пәнінен өтетін олимпиадаға қатысуға шақырады

«AITU iQyn 2025» Ағылшын тілі олимпиадасы – 11-12 сынып оқушылары және колледждің соңғы курс студенттері қатыса алатын қашықтан өткізілетін олимпиада.

Біздің олимпиада – оқушылардың ағылшын тілін қаншалықты жақсы білетіндігін тексеруге әрі біздің университетімізге оқуға түсу кезінде ағылшын тілінен тапсырылатын емтиханнан босатылуға берілетін тамаша мүмкіндік.

Егер сіз шетел тілін аса ыждағаттылықпен үйреніп жүрген болсаңыз, әрдайым лексика мен грамматиканы есте сақтаудың жаңа тәсілдеріне қызығушылық танытсаңыз, IT саласын ағылшын тілінде оқығыңыз келсе, онда ағылшын тілінен өткізілетін «AITU iQyn 2025» олимпиадасы сізге арналған деп ойлаңыз.

 

Олимпиадаға қатысу формасы: қашықтан

Тур саны: 2

Олимпиада пәні: ағылшын тілі

Олимпиада өтетін мерзім:

  • Олимпиада бітіруші (11-12) сыныптардың оқушылары және колледждің соңғы курс студенттері үшін өткізіледі
  • Олимпиада қашықтықтан екі кезеңде өткізіледі: іріктеу және қорытынды кезеңдер.

Қатысушыларды тіркеу – 2025 жылдың 24-ші ақпанына дейін жүргізіледі

1 тур – 02.03.2025

1 турдың нәтижелері – 06.03.2025

2 тур – 11.03.2025-12.03.2025

Жеңімпаздарды жариялау – 18.03.2025

Олимпиадаға қатысу тәртібі:

  1. «AITU iQyn 2025» олимпиадасын таңдау
  2. Олимпиада ережелерімен танысу
  3. Онлайн тіркелу
  4. Тест тапсырмаларын орындау
  5. Бейнетаныстырылым дайындау
  6. Сертификат алу

1-ші тур

Бірінші турда онлайн тестілеу форматында лексика, грамматика және оқу дағдылары (400 сөзге дейінгі мәтін) тексеріледі. Тестілеу ұзақтығы — 60 минут. Тестілеу онлайн режимінде «Moodle» білім беру платформасында өткізіледі (бейне-нұсқаулық пен тіркелу Ресми сайтта қолжетімді). Әр қатысушы үшін есептік жазбалар жасалады және Олимпиадаға тіркелу кезінде көрсетілген поштаға жіберіледі. Қатысушы платформаға кіруді алдын-ала тексеруі керек.

  • Тестілеу ағылшын тілінің грамматикасына арналған 10 сұрақтан, ағылшын тілінің лексикасына арналған 20 сұрақтан, әр мәтін бойынша 20 сұрақтан тұрады.

2-ші тур

Екінші турда ауызекі сөйлеу дағдылары тексеріледі. Екінші турға жіберілген қатысушылар бес күн ішінде берілген тақырыпқа бейне-баяндама дайындауы тиіс. Бейне сөйлеудің тақырыбы мен критерийлері Ресми сайтта қол жетімді болады.

Сұхбатқа қойылатын талаптар:

  • Сұхбат ұзақтығы-3-5 минут;
  • Сұхбат ағылшын тілінде жүргізіледі;
  • Сұхбат кезінде қатысушыдан басқа бөгде адамдардың қатысуына жол берілмейді.

Олимпиаданың екі турынан сәтті өткен қатысушыларға Astana IT University-ге түсу кезінде ағылшын тілінен түсу емтиханынан босату туралы сертификаттар беріледі.

homescontents
kucukcekmece escort bahcelievler escort istanbul escort esenyurt escort istanbul escort istanbul escort besiktas escort beylikduzu escort avcilar escort mersin escort
https://www.fapjunk.com
bornova escort escort izmir alsancak escort buca escort bayan
alanya escort bayan mersin escort bayan
ataşehir escort kadıköy escort kartal escort maltepe escort
karşıyaka escort Alsancak escort escort buca escort izmir
deneme bonusu veren siteler
film izle