Оқу үдерісі

3 жыл

Оқу мерзімі

3 триместр

Оқу жылы

10 апта

Академиялық кезең (триместр)

50 минут

Академиялық сабақ ұзақтығы

Академиялық күнтізбе

AITU академиялық қызметі барлық оқу жылына арналған оқу іс-шаралары белгіленген академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Жарғы

AITU-де білім беру қызметі  05.02.2019 жылғы №1 шешімімен бекітілген Жарғыға сәйкес жүргізіледі.

Лицензия

AITU Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысын 02.04. 2019 жылдан бастап жүзеге асырады.

Кредиттік технология

— Оқу үдерісін ұйымдастыру кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады, ол білім алушының жеке білім беру траекториясын таңдау және дербес жоспарлау негізінде жүзеге асырылады, және де оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.

— Академиялық сабақтың ұзақтығы бір академиялық сағатты құрайды және 50 минутқа сәйкес келеді.

Оқу үрдісін ұйымдастыру

Оқу үрдісінде сабақтарды ұйымдастырудың келесі түрлері қолданылады: дәрістер, семинарлық және практикалық сабақтар, Зертханалық сабақтар және кеңестер (оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы).

Аралық аттестаттау кезеңі

— Әрбір академиялық кезең (триместр) аралық аттестаттау кезеңімен (емтихандық сессиямен) аяқталады, сәйкесінше әрбір оқу пәні бір академиялық кезеңде зерделенеді және қорытынды бақылаумен (емтиханмен) аяқталады.

— Білім алушыларды аралық аттестаттау емтихан тапсыру, курстық жұмыстарды (жобаларды) қорғау және міндетті түрде баға қою арқылы кәсіби практика бойынша есеп беру түрінде өткізіледі және емтихан сессиясы ретінде анықталады.

Балдық-рейтингтік жүйе

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау, бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі негізінде жүзеге асырылады және «Astana IT University» ЖШС-гі білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережелерімен реттеледі.

Емтихан түрі

Әр оқу пәні бойынша емтихан түрі пәннің силлабусында көрсетіледі. Оқыту нәтижелерін бағалау саясаты курс саясатымен анықталады, бағалау шарттары «Astana IT University» ЖШС-гі білім алушыларды бағалау жүйесі туралы ережесімен реттеледі.

Moodle

Оқу үдерісінде Moodle оқытуды басқару платформасы (Learning Management System) ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетеді, онда барлық қажетті әдістемелік және ақпараттық материалдар орналастырылады, сондай-ақ оқу курстары мен траекториясын электрондық форматта таңдау жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту

Оқу үрдісінде қашықтықтан оқытуды қолдануға болады.

Онлайн режимде оқу

Онлайн режимде оқу сабақтары сандық технологияларды (вебинарлар, бейнеконференциялар, интернет желісі бойынша хабарламалармен алмасу және студент пен оқытушының өзара әрекеттестігінің басқа да заманауи технологияларын қолдану арқылы нақты уақыт режимінде (стримминг) оқу өзара әрекеттестігінің процесін қарастырады.

Оффлайн режимде оқу

Оффлайн режимінде оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының өзара әрекеттесуі асинхронды түрде өтетін оқу өзара әрекеттесуін қарастырады (электронды пошта, оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы, кейін аралық және/немесе қорытынды бақылауды тапсыру).