Нұрхат Жакиев және Бейбит Абдикенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым Академиясының Жас ғалымдар кеңесі Президиумы құрамына кірді

Astana IT University-нің Ғылым және инновация департаментінің директоры, PhD Нұрхат Жакиев және аталмыш университеттің «Есептеулер және деректер жөніндегі ғылым» департаментінің қауымдастырылған профессоры, PhD Бейбит Абдикенов Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесі Президиумы құрамына кірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан осындай бірегей жұмыстар отандық ғылымның қарқынды дамып, осы арқылы іргелі және қолданбалы зерттеулердің аясы кеңейеді.

Ұлттық Ғылым академиясының құрамына еліміздің танымал көшбасшылары, жас, бірақ қалыптасып қалған ғалымдары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің, Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері мен жас ғалымдар бірлестіктерінің төрағалары кірді. Ашық сайлауда көпшілік дауыспен Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып Мақсат Қизатұлы Жабагин сайланды.

Жас ғалымдар кеңесінің құрамына «Агробиоресурстар және экология туралы», «Өмір мен денсаулық туралы», «Білім және азаматтық қоғам туралы» және «Жер, Ғарыш және коммуникациялар туралы» бағыттар бойынша жұмыс істейтін жетекші қазақстандық ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерінен барлығы 23 маман кірді.

https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/sv388/ https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/ladangtoto/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/scatter-hitam/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/blog/sv388/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/uploads/depo-5k/ https://smpn9prob.sch.id/content/luckybet89/