Қытай Халық Республикасы университетінің өкілдері Астана IT-университетінде болды

2023 жылғы 3 шілдеде Xiang Jiaotong University президентінің орынбасары, профессор Шан Вэньхуа бастаған Қытай Халық Республикасы университетінің өкілдері Астана IT-университетінде болды.

Кездесу барысында ректордың міндетін атқарушы С. М. Өмірбаев университеттің ахуалымен таныстырып сөз сөйледі, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар талқыланды.

Осылайша, Тараптар профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің өзара академиялық ұтқырлығы саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Сиань Цзяотун университетінің өкілдері өз кезегінде профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамаларын өткізуде ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ Қытай мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы қатынастардың дамуына ықпал етуге дайын екендігін білдірді.

Кездесуден кейін FabLab, Industry 4.0, Smart City зертханаларына және ғылыми кітапханаға экскурсия жүргізілді.