Үкімет жаңа жобаларды, бизнес-идеяларды іске асыру үшін жастар грантын бекітті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 469 қаулысымен «Тәуелсіздік ұрпақтары»гранты тағайындалды.

Грант конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтте он төрт жастан кіші емес және жиырма тоғыз жастан үлкен емес Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған.

Грант келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін беріледі:

  1. «ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;
  2. «мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
  3. «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде ісін жаңа бастаған стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;
  4. «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;
  5. «Медиа» – жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.

Грантты тағайындаудың мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.

Грант беру міндеттері:

1) талантты және талапты жастарды қолдау;

2) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық тудыратын жастардың инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау және қолдау;

3) жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыруға жәрдем көрсету;

4) жастар арасында шығармашылық қызметті танымал ету.

Гранттың мөлшері мен санын Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейді.

Толығырақ https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000469

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз

AITU ғылым және инновациялар департаменті

Astana IT University

С 1.2.155

Tel: +7 7172 64-57-13