2024 IEEE 4th International Conference SM Smart Information Systems and Technologies (SIST) халықаралық ғылыми конференциясы

2024 жылғы 15-17 мамыр аралығында Astana IT University-де 2024 IEEE 4th International Conference on Smart Information Systems and Technologies (SIST) төртінші халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференция –  әлемдегі ең үздік ақпараттық технологиялар мен интеллектуалды жүйелер ғалымдары мен мамандары бірігетін және өз зерттеулері мен идеяларымен бөлісетін ғылыми қоғамдастық үшін маңызды іс-шара болып табылады. Конференцияның негізгі мақсаты – өз ісінің мамандарымен тәжірибе алмасу, нақты тақырыптар бойынша білім мен перспективаларды дамыту, кәсіби желіні кеңейту және IT-дағы соңғы тенденциялар бойынша сұрақтарға жауап іздеуге өз үлесін қосу. Конференция мемлекеттік бағдарламаларды және ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру жөніндегі идеялардың бастапқы нүктесі бола алады.

Конференция Украинаның IEEE Kazakhstan Sub-Section және IEEE секцияларымен бірлесіп ұйымдастырылады. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «NNEF» Қоғамдық Қоры, Н.Назарбаев Қоры, Astana IT University, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы ұйымдастырды. Конференцияның техникалық демеушісі IEEE украиналық секциясы, IEEE қазақстандық кіші секциясы және IEEE Computational Intelligence & Robotics and Automation бірлескен чаптері болды.

Конференцияның пленарлық сессиясында Түркия, Украина, Ұлыбритания, Ирландия, Германия, Қытай, АҚШ, Иран, Вьетнам және Қазақстан ғалымдары сөз сөйледі.

Жыл сайын ғылыми ортада және студент жастар арасында аталған конференцияға деген қызығушылықтары артып келеді. Биыл конференцияға 262 мақала жіберілді (Қазақстаннан – 166, шет елдерден – 96), бұл 14 елден 1000-нан астам қатысушы дегенді білдіреді (Түркия, Чили, Украина, Бразилия, Малайзия, АҚШ, Үндістан, Бангладеш, Алжир, Амман, РФ, Ұлыбритания, Қырғызстан және т. б.).

 Конференция тақырыптары келесі зерттеу бағыттарын қамтыды:

1. Технология және инженерлік менеджмент

2. Білім берудегі және зерттеулердегі IT

3. IT қосымшалары саласындағы жаңа тенденциялар мен технологиялар.

4. Деректер туралы ғылым және кеңейтілген аналитика

Конференцияның екі күнінде қабылданған 116 мақаладан 110 баяндама тыңдалды.

2024 IEEE SIST конференциясының материалдары Scopus жоғары рейтингті халықаралық ғылыми деректер базасында индекстеледі. Аталған конференция Қазақстанның ғалымдары мен IT мамандары арасында маңызды іс-шара болды.

homescontents