«Шредингер типіндегі көп компонентті сызықты емес теңдеулерді зерттеу»​

Жоба жетекшісі: Мырзақұл А.Р.​

Қаржыландыру көзі: «Жас ғалым» жас ғалымдардың жобасы бойынша ГҚ

Мақсаты: Шредингер типті теңдеу шешімінің 1+1 және 2+1 өлшемді спиндік жүйелердің шешімдерімен байланысын табу.

Іске асыру жылдары: 2024–2026   ​

Қаржыландыру көлемі: 29 967 790 теңге​

Нәтижелері:

Екі қабатты Шредингер типті теңдеулердің шешімдері мен 1+1 және 2+1 өлшемдеріндегі байланысты спиндік жүйелер арасында байланыс орнатылды.

Жоба солитондар теориясындағы алгебро-геометриялық тәсілді зерттеуге және Ли алгебралары мен калибрлеу түрлендірулерінің қасиеттері арқылы интегралданатын эволюциялық теңдеулер арасындағы эквиваленттілікті анықтауға бағытталған. Нәтижелер теориялық болып табылады және солитон теориясында, Математикалық физика теңдеулерінде және дифференциалдық геометрияда қолданыла алады.