2023 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Италия Республикасының Елшілігінің делегациясы және Өкілетті Министр, Шетелдегі итальяндықтар және көші-қон саясаты (MAECI) бас директоры Луиджи Мария Виньяли Astana IT University-нде болды.
Кездесу барысында оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Құмалақов Б.А. университеттің, оның негізгі жетістіктері мен бағдарламаларының презентациясын өтті. Болатжан Арменұлы итальяндық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуға жоғары қызығушылықты атап өтті, сондай-ақ Италия Республикасының Елшісі Марко Альберти мырзаға Astana IT University-де ашылған Гульельмо Маркони атындағы Итальян тілі мен мәдениеті орталығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Виньялли мырза, өз кезегінде, қазіргі әлемде IT секторын, атап айтқанда, киберқауіпсіздікті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Делегация жылы қабылдау және университеттің егжей-тегжейлі таныстырылымы мен инфрақұрылымына таңданысы үшін үлкен алғысын білдірді.
Айта кету керек, бүгінде AITU итальяндық университеттермен, атап айтқанда Касино және Оңтүстік Лацио университеттерімен, Пиза университетімен қос дипломдық бағдарламаларды және студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қарастыратын ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.