«Жоғары білім берудегі цифрлық мәдениетті дамыту: Еуропалық тәжірибе» Жан Моне модулінің тұсаукесері

022 жылы 18 қарашада Жан Моне модулін жүзеге асыруды бастау шеңберінде Astana ІТ Univeristy-де «Жоғары білім берудегі цифрлық мәдениетті дамыту: Еуропалық тәжірибе» (Жан Моне модулі «Digital Culture in Higher Education: European Perspective» (DigCEE))  жобасының ресми тұсаукесері өтті.  Жоба үйлестірушілері Жалпы білім беру пәндері департаментінің директоры Ж.К.Тлешова және осы департаменттің ассистенті Э.Ф.Герфанова. Кездесуде жоба, оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері туралы қысқаша ақпарат ұсынылып, модуль аясында курсты ұйымдастырудың негізгі түйінді мәселелері де талқыланды.

 Жан Моне модулі еуропалық интеграция бойынша қысқа мерзімді оқу бағдарламасы болып табылады. Бұл жылына кемінде 40 сағаттан тұратын модуль. Модуль аясында Astana ІТ Univeristy «Mediatechnologies», «Digital Journalism», «IT Management», «IT Entreprenuership», «Soft Engineering» and «Cyber Security» бакалавриат білім беру бағдарламаларының студенттері оқытылады. DigCEE модулі Astana ІТ Univeristy студенттеріне білім беруді цифрландыру саласындағы Еуропалық Одақтың саясаты туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, модуль студенттердің технологияның әлеуметтік қатынастарға әсері мен қоғамды дамыту үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары туралы түсініктерін қалыптастыруға, сондай-ақ алған теориялық білімдерін практикада аналитикалық түрде қолдана білуге бағытталған.

Жобаның атауы: Жоғары оқу орындарында цифрлық мәдениетті дамыту: еуропалық тәжірибе (DigCEE)

Бағдарламаның атауы: ERASMUS-JEAN MONNET MODULE-2022-HEI-TCH-RSCH

Қаржыландыру көзі: Еуропалық Одақтың білім және мәдениет мәселелері бойынша атқарушы агенттігі

Жоба жайлы қысқаша ақпарат: Модульдің мақсаты – Еуропалық Одақ саясаты тұрғысынан жоғары білім берудегі цифрлық мәдениетті дамытудың теориялық және практикалық негіздерін қарастыру және одан әрі қолдану.
«Жоғары орындарында цифрлық мәдениетті дамыту: еуропалық тәжірибе» модулі келесі негізгі іс-шараларды қамтиды: тренингтер (дәрістер мен практикалық сабақтар), баяндамалар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, жазғы мектеп, конференция.
Оқу модулі аясында AITU-дың бакалавриат деңгейіндегі «Media Technologies», «Digital Journalism», «IT Management», «IT Entrepreneurship», «Software Engineering», «Cyber Security» білім беру бағдарламаларының студенттері оқытылады. Модуль студенттерге технологияны шығармашылық түрғысынан пайдалануға және технологиялық өзгерістердің қоғамдық қатынас саласындағы мәдени факторға әсерін талдауға мүмкіндік береді. Курсты аяқтағаннан кейін студенттердің білім беруді цифрлық түрлендіру саласындағы Еуропалық Одақтың саясаты жайлы терең білімі, технологияның әлеуметтік қатынастарға әсері және қоғамды дамыту үшін заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары жайлы түсінігі қалыптасып, алған теориялық білімді тәжірибеде сараптама үшін қолдану дағдыларына ие болады.
Ұсынылған модульді енгізу білім беруді цифрландыру саласындағы Еуропалық Одақтың саясатына қызығушылықты дамытуға, жергілікті және ұлттық деңгейде Еуропалық Одақ зерттеулерін әртараптандыруға ықпал етеді.
Жобаны жүзеге асырғаннан кейін әзірленген барлық оқу материалдары Қазақстан ЖОО-ның білім беру бағдарламалары аясында еуропалық траекторияны қалыптастыру үшін негіз ретінде пайдаланылуға болады.

Іске асыру мерзімі: 36 ай
2022 жылдың 1 қазаны – 2025 жылдың 1 қазаны

Жұмыс пакеттері:

  1. Жобаны әзірлеу, басқару және координация
  2. Енгізу, тарату және коммуникация

Жобаға қатысушылар:
Жібек Тілешова – п.ғ.к., Astana IT University-нің Жалпы білім беру пәндері Департаментінің директоры,
Эльмира Герфанова – PhD, Astana IT University-нің Жалпы білім беру пәндері Департаментінің профессор ассистенті

Leave a Reply

https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/sv388/ https://ejournal.unperba.ac.id/pages/uploads/ladangtoto/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/scatter-hitam/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/assets/blog/sv388/ https://poltekkespangkalpinang.ac.id/public/uploads/depo-5k/ https://smpn9prob.sch.id/content/luckybet89/