«Astana IT University» ЖШС-нің ішкі еңбек тәртіп Ережелерін бұзған білім алушылар туралы университеттің LED-экранында жарияланған бейнеролигіне қатысты келесіні хабарлаймыз:
2022 жылдың 16 қыркүйегінде білім алушылардың жауапкершілігін қарау бойынша Тәртіптік кеңесінің отырысында «Astana IT University» ЖШС ішкі еңбек тәртібі Ережелерін бұзған студенттерге қатысты материалдар қаралды.
Аталмыш кеңеске мүше Университеттің Студенттік үкімет өкілдері тәртіп бұзушылықтың алдын алу және түсіндірме жұмыстарын жандандыру мақсатында кеңес отырысының нәтижесін барлық білім алушылар арасында хабарлауды ұсынды.
Осыдан кейін Студенттік үкімет өкілдері ішкі тәртіп бұзушылар туралы видеоролик дайындап, оны университеттің фойесінде орналасқан LED-экранда жариялады.
Қазіргі таңда аталған видеоролик университеттің LED-экранынан алынып тасталды. Университеттің ішкі еңбек тәртібі Ережелерін бұзған білім алушылар тарапынан шағым жоқ.
Аталған жағдай университет басшылығының қатаң бақылауына алынды.