Отан үшін от кешкендер! » әскери-патриоттық кеші Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 33 жылдығына арналған Кештің басты қонақтары-ауған соғысына қатысушы, запастағы полковник – Қазанбаев Мұхамедқали Қабылбекұлы және оқшау соғыстардың ардагері, отставкадағы полковник – Дангулов Казкей Искакович болды. Құрметті ардагерлер майданның тарихымен бөлісіп, студент-курсанттарға өз ақыл-кеңестерін берді. Университет және әскери кафедра атынан ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара университеттің шығармашылық клубтарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.