«Қазақстан-Ресей: космос наш» республикалық эссе байқауының қорытындылары

Көкшетауда ААО «Еуразиялық саясат Институты» жеке мекемесі (Қазақстан/Көкшетау) ұйымдастырған, Ақмола облыстық орыс тілі мұғалімдерінің қауымдастығы мен «Урал-Евразия» сараптамалық клубының (Ресей/Екатеринбург) қолдауымен «Қазақстан-Ресей: космос наш» республикалық эссе байқауы қорытындыланды.
Биыл бүкіл әлем адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығын атап өтеді. Белгілі болғандай, бұл ерлікті қазақстандық жерден жер төңірегіндегі орбитаға ұшып шыққан кеңес ғарышкері Юрий Гагарин жасаған. Қазақстан мен Ресейдің ғарышты бірлесіп игеруі 200-300 жылдан кейін қалай жалғасатыны туралы армандауға ұсынылған эссе байқауы дәл осы күнге орайластырылды.