«Qazaqstan Project Management Awards» ұлттық байқауы

Нұр Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастырумен 2021 жылдың 15 маусымында «Qazaqstan Project Management Awards» ұлттық байқауы басталғандығын хабарлайды. 

Байқауға қатысу үшін өтінімді Мемлекеттік басқару академиясының сайтында «Жылдың үздік жобасы», «Жылдың үздік жобалық менеджері», «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациялары бойынша беруге болады (https://www.apa.kz/ru/konkurs/). Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады. 

Байқауға қатысу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Академияның Мемлекеттік басқаруындағы жобалық менеджментті дамыту орталығының сарапшысы Гульжан Жәнібекқызы Ауданбайға (8700-216-86-97 (whatsapp), qazpma@apa.kz) хабарласа аласыздар. 

Leave a Reply