KU Leuven университеті, Бельгия және Astana IT University арасындағы келісім

Халықаралық ынтымақтастық департаменті KU Leuven, Бельгия және Astana IT University арасында келісім жасалғаны туралы қуана хабарлайды. «Болашақ»бағдарламасы бойынша жақын арадағы 5 жылда KU Leuven университетінің базасында, біздің университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми тағылымдамадан өте алады.

1425 жылы Батыс Еуропаның орталығында Левен католик университеті (KU Leuven) алты ғасырға жуық уақыт бойы маңызды білім беру орталығы болды. Бүгінгі таңда бұл Бельгияның ең көне және ең танымал университеті, сонымен қатар Еуропадағы ең көне және әйгілі университеттердің бірі. KU Leuven – Еуропаның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі, сонымен қатар еуропалық зерттеу университеттері лигасының негізін қалаушылардың бірі.

Негізгі рейтингтік кестелер бойынша KU Leuven әлемдегі ең үздік 100 университеттің қатарына кіреді. 2020 жылғы жағдай бойынша ол The Times Higher Education рейтингінде 45-орынды, QS World University Rankings әлем университеттері рейтингінде 80-орынды, Шанхай академиялық әлемдік университеттер рейтингінде 85-орынды иеленді.

Leave a Reply