2020 жылдың 4 қарашасында Astana IT University Жалпы білімдік пәндер бағдарламасы оқытушылары (оқытушылар Г.К.Камиева, Л.М.Оразгалиева) және 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында «Ұлттың жаңа болмысы және үштілділік бірлігі» атты онлайн форматында Tims платформасында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Президент бағдарлап берген межелерге жету жолдарына тоқтала отырып, ұлт сапасын көтерудің бірден-бір жолы үштілділік маңызын кеңінен насихаттау.

Дөңгелек үстел модераторы 2 курс студенті Иван Крепак Жолдаудағы Президенттің алдымызға қойған 11 міндетіне, соның ішінде оқу-ағарту саласын қамтитын «Ұлттың жаңа болмысы» бөліміне тоқталды.Сонымен бірге дөңгелек үстел барысында 2 курс студенттері Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерге қатысты төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар оқыды: «XXI ғасыр – білімді ұрпақ кезеңі» /Абдрахманов Ренат, Мауяхан Айдана/. «Қазіргі жастар және еңбек құндылығы» /Егемберді Ғалия, Ислам Әсел/. «Кез келген істе кәсіби дағдының алатын орны» /Мансурова Әйгерім, Мусагулов Қанат/. «Үштілділік – жаңа заман сұранысы» /Кантаева Дина, Абаев Ернар/.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерімен де үш тілде бөлісті, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Үштілділік туралы көкейді тескен көп ойлармен бөлісті.

Өз кезегінде сөз алған Тәрбие ісі жөніндегі проректор А.Қ.Калыков пен Жалпы білімдік пәндер бағдарламасының координаторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.У. Шаяхметов өздерінің қорытынды сөзінде: істеріміз сәтті, болашағымыз кемел де жарқын бола берсін!- деп тілектерін білдірді.
Мемлекет басшысы ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын жеткізе отырып: Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн. Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек, – деген еді.
Бүгінгі дөңгелек үстел басындағы әңгіменің басты мақсаты да осы болды. Кездесу соңында қонақтар мен қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, жолдаудың маңыздылығын тағы бір атап өтті.