Студенттерге арналған гранттар

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі "Astana IT University" ЖШС

"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысы (2020 жылғы 8 маусымдағы өзгерістермен)

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.

Конкурс үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.

Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау бағыттары мен курстары бөлінісінде бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп, ЖЖОКБҰ-ның сайтында (білім беру порталында) орналастырылады.

Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), одан соң А, А- («үздік») бағаларынан В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

«Astana IT University» ЖШС жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарына үміткерлердің тізімі  

Үміткер студенттің АЖТ

Білім беру бағдарламалар тобы

Түскен жылы

1

Маутов  Бахтияр Махсатович

B 057 Ақпараттық технологиялар

2019

2

Болатбаев Диас Рустемулы

B 058 Ақпараттық қауіпсіздік

2019

3

Туякбаев  Ален Сакенович

B 057 Ақпараттық технологиялар

2019

4

Кеңесбеков  Әлімжан Сайранұлы

B 057 Ақпараттық технологиялар

2019

5

Шамырат  Дәурен Мұхтарұлы

В 058 Ақпараттық қауіпсіздік

2019

6

Адылканов  Муратжан Талгатович

B 057 Ақпараттық технологиялар

2019

7

Марат  Асфандияр Русланулы

B 057 Ақпараттық технологиялар

2019

8

Нуфтолла  Аман Алибекұлы

B 057 Ақпараттық технологиялар

2019

9

Абдрахманова  Малика Маратовна

B 057 Ақпараттық технологиялар

2019

10

Әшім  Дәурен Дүйсенбекұлы

B 057 Ақпараттық технологиялар

2019

11

Мәуленов Ерзат Мәжітұлы

B 044 Менеджмент және басқару

2019

12

Ракат Дінмұхаммед Ерланұлы

B 057 Ақпараттық технологиялар

2019

1

Ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

2

Келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қаралады;

3

ЖЖОКБҰ ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде бос білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды.
Тізімге білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімдері, білім алушының транскриптінен үзінді, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;

4

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберілген бос білім беру гранттарын комиссия үміткерлердің болмауына байланысты конкурстық негізде қайта тағайындайды;

5

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және ЖЖОКБҰ ұсынған бос білім беру гранттары үміткерлер болмағанда білім беру саласындағы уәкілетті органның сайтында жарияланады;

6

Конкурс білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған басқа ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алушылар арасында өткізіледі;

7

Білім беру саласындағы уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және оң шешім шығарған жағдайда босаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранты даярлық бағытының ішінде немесе білім беру саласында қайта бөлінеді);

8

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО білім беру грантын беру туралы куәлікті ресімдейді және деректерді үш жұмыс күні ішінде тиісті ЖЖОКБҰ-ға жібереді;

9

Білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға бұйрық шығарады.