Astana IT University Қазақстанның жетекші компанияларымен серіктестікті кеңейтіп, студенттерге тәжірибелік оқыту мен кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсынады. Transtelecom АҚ-пен жасалған жаңа меморандум аясында болашақ IT мамандары компанияда тәжірибеден өтіп, заманауи технологиялармен жұмыс істеп, білікті тәлімгерлердің басшылығымен нақты бизнес-міндеттерді шеше алады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білікті кадрларды даярлауда бизнес пен жоғары оқу орындарының ынтымақтастығының маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Бұл келісім цифрлық сала мамандарын қолдауға және білім мен бизнестің байланысын нығайтуға бағытталған.
Өндірістік тәжірибе студенттерге университетте алған білімдерін бекітуге және инновациялық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді, бұл олардың IT саласындағы мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді.