ҚР Парламенті Сенаты ұйымдастырған халықаралық семинарға AITU ректорының кеңесшісі Болатжан Құмалақов қатысты. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Мысыр, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сарапшылары, мемлекеттік орган өкілдері мен IT-мамандар жиналды.
Кездесуде:
• ЖИ-дің медицина, білім беру және мемлекеттік басқарудағы рөлі
• ЖИ жүйелерін дамыту және этикалық реттеу
• Деректерді генерациялау мен құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.
AITU жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықты жалғастырады.