ICPC Northern Eurasia Finals

12-13 желтоқсанда Astana IT Univerisity-де ICPC жартылай финалы (Northern Eurasia Finals) өтті.

ICPC Халықаралық студенттік бағдарламалау жарыстары – бүкіл әлемдегі университет студенттеріне арналған спорттық бағдарламалаудан сайыс болып табылады. 2023 жылы Солтүстік Еуразия аймағындағы жартылай финалға 269 команда қатысты.

Осы жылы AITU Орталық Азиядағы 80-нен астам үздік командаларды жинады. Солтүстік Еуразияның қалған командалары Санкт-Петербург, Новосибирск және Кутаиси қалаларында қатысты.

Солтүстік Еуразия аймағында қазақстандық командалар арасында ең жоғары нәтижені Astana IT University командасы (14-орын), одан кейін IITU (24-орын), KBTU (28-орын) және Nazarbayev Univerisity (34-орын) командалары көрсетті.

Студенттерімізді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы финалда сәттілік тілейміз!