«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу Ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Информатика» пәні 2022 жылдан бастап ҰБТ-ның бейіндік пәндер тізбесіне енгізілді.» 2022 оқу жылында «Физика» бейіндік пән болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша «Математика+Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады, деп хабарлайды Қ.Р. Білім және ғылым министрі. 2023 жылдан бастап бейіндік пәндер ретінде тек «Математика + Информатика» пәндері болады. Astana IT University-ге 2022 жылы «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламаларына түсу кезінде бейіндік пәндер «Математика+Информатика» немесе «Математика+Физика». Қалған білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік пәндер өзгермейді. ҰБТ тапсыруға сәттілік тілейміз!