Хабарландыру
«Astana IT University» ЖШС білім беру бағдарламалары топтарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу барысында 30 босатылған мемлекеттік білім гранттарына конкурс жарияланады:
1 курс (2020 жылы қабылдау) |
гранттар саны |
2 курс (2019 жылы қабылдау) |
гранттар саны |
B057 – Ақпараттық технологиялар |
15 |
B057 – Ақпараттық технологиялар |
4 |
B058 – Ақпараттық қауіпсіздік |
4 |
|
|
B059 – Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар |
4 |
|
|
B044 – Менеджмент және басқару |
1 |
|
|
B042 – Журналистика және репортер ісі |
2 |
|
|
Барлығы |
26 |
|
4 |
Өтініштер 2021 жылғы 15 шілдеге дейін қабылданады.
Электронды түрде төменде келтірілген үлгіге сәйкес dinara.kenzhebulatova@astanait.edu.kz электрондық поштаға жіберіңіз.
Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі «Astana IT University» ЖШС
«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысы (2020 жылғы 8 маусымдағы өзгерістермен)
24. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурс үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.
Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау бағыттары мен курстары бөлінісінде бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп, ЖЖОКБҰ-ның сайтында (білім беру порталында) орналастырылады.
Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), одан соң А, А- («үздік») бағаларынан В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: