Электрондық коммерциядағы алаяқтықты анықтау және алдын алу мақсатында астық нарығы кәсіпорындарының жасанды интеллектті қабылдау моделі

Жобаның жетекшісі: Мейрманова А. М., PhD​

Қаржыландыру көзі: «Жас ғалым» жас ғалымдардың жобасы бойынша ГҚ

Жобаның мақсаты: технологияларды қабылдаудың белгілі факторлары мен жасанды интеллекттің этикалық факторларының пайдаланушылардың сеніміне және жасанды интеллектке деген оң көзқарасына әсерін зерттеу үшін гибридті модель әзірлеу, сондай-ақ электрондық төлемдерді пайдалану кезінде алаяқтықты анықтау және алдын алудағы кәсіпорындардың мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік беретін Агробизнес шешімдерінің моделін әзірлеу.

Іске асыру жылдары: 2024  – 2026

Қаржыландыру көлемі:  29 837 761 теңге​

Алдын ала нәтижелер:

  • Кәсіпорынның алаяқтықты анықтауға және алдын алуға ұйымдық дайындығын бағалау үшін пайдалануға болатын көп өлшемді шешім қабылдау құралын әзірлеу әдістеріне жан-жақты талдау жүргізілді;
  • Технологияларды енгізу теориялары мен модельдері және олардың шектеулері зерттелді; жеке тұлғалардың да, ұйымдардың да электрондық коммерцияға жасанды интеллектті енгізудегі модельдер мен теорияларды қолданумен байланысты алдыңғы зерттеулер қарастырылды;
  • Кәсіпорынның алаяқтыққа қарсы тұруға ұйымдық дайындығын бағалау үшін пайдалануға болатын көп өлшемді шешім қабылдау құралы әзірленді;
  • Сандық талдау мен математикалық формулаларды қолдана отырып, көп өлшемді шешім қабылдау құралын алдын-ала тексеру жүргізілді.