Fablab зертханасы

FabLab зертханасы (Fabrication Laboratory) ғылыми-зерттеу процесінің материалдық-техникалық және әдістемелік базасы болып табылады. Ол адамдарға практикалық оқыту және шығармашылық көрініс арқылы өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық өндіріс құралдары мен технологиялармен жабдықталған мамандандырылған аудитория-шеберхана түрінде болады. FabLab прототиптеу, ғылым және инновация үшін көптеген құралдар мен ресурстарға қол жеткізуді ұсынады.

Зертхана қызметінің мақсаты

Ғалымдардың, ПОҚ-ның, қызметкерлер мен студенттердің ғылыми, ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуі үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ҒЗТКЖ жүргізуін қамтамасыз ету.

FabLab зертханасының негізгі міндеттері:

  • Заттар интернеті (IoT) саласындағы іргелі, зерттеу және практикалық зерттеулерді жоспарлау және өткізу
  • Мехатроника және робототехника бағыттары бойынша бағыттарды әзірлеу
  • Робототехника, 3D-модельдеу, заттар интернеті, 3D-басып шығару бағыттары бойынша шеберлік кластарын, оқыту курстарын ұйымдастыру
  • 3D-модельдеу, 3D-басып шығару, мехатроника, ҰҰА жобалау, телекоммуникация және 4.0 Индустрияның басқа да бағыттарын оқыту
  • Электрондық құрылғылар мен түрлі конструкцияларды жобалау және әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу
  • Цифрлық өндіріс құралдарымен қамтамасыз ету: 3D-принтерлер, СББ-мен лазерлік кескіш, СББ-мен жону станоктары, 3D-сканерлер
  • Дәнекерлеу станциялары, микроконтроллерлер және датчиктер сияқты электрониканы прототиптеуге арналған құралдар мен ресурстарды ұсыну
Данияр Дауренұлы Даулетия
FABLAB ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
  • «Аспап құрылысы (бағыты: мехатроника және робототехника)» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры, Satbayev University (Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰИТУ), 2021 ж

  • «Компьютерлік инженерия» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2023 ж

  • 2023 жылғы «Ғылым» бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері

  • Ғылыми еңбектері:

    • 10 жарияланым, оның 6-ы Scopus-та индекстелетін

    • 4 жарияланым – ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған басылымдар тізілімінде

FabLab зертханасының бағыттары