Жобаның жетекшісі: Солтан Гульжан Жексенбаевна, т.ғ.к., Астана IT университетінің Компьютерлік инженерия департаментінің қауымдастырылған профессоры.
Жобаның мақсаты: Astana IT University студенттерінің интегралдық GPA көрсеткіштері негізінде AITU түлегінің цифрлық бейіні үшін деректер аналитикасы жүйесінің функционалдық моделін әзірлеу және визуализация әдістерін қолдану.
академиялық, ғылыми және әлеуметтік жетістіктерді біріктіретін интегралдық IGPA (Integrated Grade Point Average) көрсеткіші негізінде білім саласындағы деректерді талдау мен визуализациялауға кешенді түрде қарауға мүмкіндік беретін деректер аналитикасы жүйесінің функционалдық моделін құру. Интерактивті дашбордтар арқылы әрбір студенттің жетістіктерін оңай қадағалап, оның әлеуетін бағалауға болады. Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Ұсынылған визуализация және деректер аналитикасы жүйесі оқу үрдісін басқару тиімділігін арттырып, IGPA деректерін студенттердің жеке прогресін және олардың әлеуетін талдау үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби даярлық сапасын жақсартуға септігін тигізеді деп күтілуде.
4. Көрсеткіштер арасындағы өзара байланыстарды талдау үшін студенттің табыстылығын анықтайтын барлық маңызды критерийлерді — академиялық, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік — ескеретін математикалық модель құрылды. IGPA негізінде студенттерді әрі қарай талдау және сегменттеу мақсатында k-орташа (KMeans) алгоритмін қолдана отырып кластерлік модель жасалды. Осы алгоритм оқу пәндерінің кластерлерін анықтау үшін де қолданылды. Зерттеу нәтижесінде k = 5 кластер таңдалып, курстарды бес негізгі семантикалық топқа бөлу мүмкін болды
5. Нәтижелерді ыңғайлы түрде ұсыну үшін интерактивті дашборд әзірленді. Интерактивті дашборд білім алушылардың қызметіне байланысты негізгі тиімділік көрсеткіштерін визуализациялайды. Ақпараттық панельде ұсынылған студенттердің жалпы саны 9 785 адамды құрайды.
6. Digital University жүйесінен алынған өңделген деректер негізінде функционалдық және математикалық модельдерге тестілеу жүргізілді. Тестілеу нәтижелері студенттердің жеке прогресін талдау үшін алынған нәтижелердің тиімділігін көрсетті.
7. Жоба нәтижелері бойынша «Scientific Journal of Astana IT University» ғылыми журналға мақала жіберілді және авторлық куәлік алынды.
Солтан Гульжан Жексенбаевна
жоба жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты
Бекқалиев Жарқын
жоба орындаушысы, Astana IT University магистратурасының 1 курс студенті
Исаев Ален
жоба орындаушысы, Astana IT University-дің 2 курс студенті