Ғылыми жетекші: Белощицкий А.А.
Конкурстың атауы: ҚР ҒК ҒЖБМ Ақпараттық-мақсатты қаржыландыру
Іске асыру жылдары: 2023 – 2025
Қаржыландыру сомасы: 576 412 171,88 теңге
2 060 жылға қарай нөлдік парниктік газдар шығарындыларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін көміртегі бейтараптығы тұжырымдамасында шығарындылар көздеріндегі өлшеу жүйелерінің тиімділігін арттыру арқылы атмосфераға бақыланбайтын шығарындыларды және «жер бедеріне шығарындыларды» жоюға мүмкіндік беретін қоршаған ортаға эмиссияларды бақылау үшін интеллектуалды ақпараттық-коммуникациялық жүйелер кешенін дамыту.
Жаһандық жылынуды шектеу барлық елдер мен өнеркәсіптің барлық секторларының бұрын-соңды болмаған әрекетін талап етеді. 2050 жылға қарай таза нөлдік шығарындыларға қол жеткізу үшін біз табиғатқа негізделген шешімдер мен көміртекті жою технологиялары арқылы планетаның көміртекті сіңіру мүмкіндігін арттыра отырып, парниктік газдар шығарындыларын жылдам, терең және тұрақты түрде азайтуымыз керек. БҰҰ- ның Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық тобының қорытындылары 2050 жылға қарай климаттың бейтараптығына қол жеткізу үшін қажетті ережелерді сипаттайды.
Ғылыми жобаның негізгі идеясы қоршаған ортаға эмиссияларды бақылау және көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің өзекті мәселесін шешуге ғылыми көзқарасты қолдану болып табылады.