АР19677013 Инклюзивті білім берудегі қосалқы технологиялар: Қазақстанның жоғары оқу орындарында қолдану практикасы

Жоба жетекшісі: PhD доктор, AITU-дің Жалпы білім беру пәндері департаментінің қауымдастырылған профессоры Уызбаева Анар Асанқызы

Конкурстың атауы: ҒЖБМ ҒК ГҚ 2023-2025

Сома: 69 590 035,09 теңге

Жобаның аннотациясы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім берудің жай-күйі мен даму үрдісін зерделеу, бар проблемаларды айқындау және Қазақстан мен әлем университеттеріндегі ахуалды салыстырмалы талдау. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу бойынша оқу-әдістемелік қолдау және ұсынымдар беру. Сурдоаудармасы бар үш тілде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша дәрістердің бейнежазбасын жүзеге асыру. Бұл инклюзивті және көптілді білім беруді іске асыру бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді; оқу процесіне көмекші технологияларды енгізу; аудиториялық қордың жетіспеушілігі.

Жобаның 2023 жылғы нәтижелері

  1. Әлемдік тәжірибеде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жоғары оқу орындарында көмекші технологияларды пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын салыстырмалы талдау жүзеге асырылды. Жоба тақырыбы бойынша шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды. Қызметтік іссапарлар барысында ЖОО ПОҚ-мен кездесулер мен әңгімелесулерді ұйымдастыру арқылы Қазақстан университеттерінде және Ұлыбритания мен Шотландия университеттерінде көмекші технологияларды қолдану тәжірибесі зерделенді.
  2. Қазақстанның жоғары оқу орындарында ОПҚ арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін білімнің қолжетімділігін бағалау бойынша әлеуметтанулық зерттеу (сауалнама) жүргізілді. Алынған мәліметтер негізінде Скопус базасында индекстелген журналда жариялау үшін мақала дайындалды.
  3. 2023 жылғы 20 қазанда Astana IT University-де жобаның ғылыми тобының мүшелері ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің проблемалары бойынша кездесу (пікірталас алаңы) ұйымдастырып, өткізді. Кездесуге Қазақстан студенттер Альянсының атқарушы директоры, студенттік омбудсмен А.К. Бахитов, «Бақытты Шаңырақ» ҚҚ орталығының басшысы С. П. Нормуханова және Astana it University студенттері қатысты.
  4. Сурдоаудармасы бар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша ағылшын тілінде бейне-дәрістер дайындалды және жазылды.

Жобаның 2024 жылғы нәтижелері

  1. ҚР-да инклюзивті білім беру бағдарламаларының іске асырылуына шолу жасалды және шолу негізінде «Қазақстан Республикасында жоғары білім беру саласында инклюзивті білім беру бағдарламаларының іске асырылуына шолу» (орыс тілінде) ғылыми брошюрасы дайындалып, жарияланды.
  2. Есту қабілеті нашар адамдарды жоғары оқу орындарында оқыту проблемаларын зерделеу мақсатында әлемдік тәжірибелер контекстінде талдау жүргізілді және «Жоғары оқу орындарында есту қабілеті нашар адамдарды оқыту: АҚШ, Жапония және Қазақстан мысалында» (орыс тілінде) ғылыми брошюрасы жарияланды.
  3. Қызметтік іссапар барысында Қазақстанның жоғары оқу орындарында және Англия мен Шотландияның жоғары оқу орындарында есту қабілеті нашар адамдардың проблемалары бойынша сараптамалық сұхбат жүргізілді (онлайн).
  4. Сурдоаудармасы бар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша орыс тілінде бейне-дәрістер дайындалды және жазылды.
  5. 2024 жылғы 1-8 тамыз аралығында XXV Дүниежүзілік философиялық Конгреске (Рим) А.Уызбаевтың «Philosophy of Inclusivity and Digitalization in Kazakhstan» және Әбдина А., Жанарстанова М. «From the philosophy of Education to the Philosophy of Inclusive» атты баяндамалары дайындалып презентациялар жасалынды.

Жобаның 2025 жылғы нәтижелері

Қазақ тілінде ымдау тілімен сүйемелденген әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша бейнедәрістер әзірленіп, жазылды. Аудиовизуалды туындыларға авторлық құқық туралы куәліктер алынды: № 59936 (18.06.2025 ж.); № 62114 (15.09.2025 ж.); № 62634 (02.10.2025 ж.); № 62790 (08.10.2025 ж.); № 62734 (07.10.2025 ж.); № 62791 (08.10.2025 ж.) «Мәдениеттану», «Саясаттану», «Философия» пәндері бойынша есту қабілеті нашар студенттерге сурдоаударма  интеграциялау арқылы әзірленді. Сонымен қатар аталған бейнедәрістер Astana IT University оқу үдерісіне енгізілді. №3 енгізу актісі 2025 жылғы 24 қазанда қол қойылды.

2025 жылғы 10–14 маусымда (Париж қ., Франция) өткен «The Paris Conference on Education (PCE2025)» халықаралық конференциясына қатысып, «University Teachers as Agents of Inclusive Education in Kazakhstan» (онлайн) және «Inclusive Culture in Higher Education Institutions in Kazakhstan» (офлайн) атты баяндамалар ұсынылды. Конференция нәтижелері бойынша іс-шара материалдар жинағында мақала жарияланды.

Жобаның нәтижелерін танымал ету және коммерцияландыру мақсатында ҒЖБССҚК ұсынған журналда «The Philosophy of Equal Opportunities: Assistive Technologies in the Context of Inclusive Higher Education in Kazakhstan» атты мақала жарияланды (Уызбаева А.А., Абдина А.К., Жанарстанова М., Коспаков А.).

Ғылыми-зерттеу жобасының нәтижелерін қорытындылау мақсатында «University Teachers’ Perceptions and Readiness for Inclusive Education in Kazakhstan: A Quantitative Survey» атты мақала International Journal of Inclusive Education журналына жіберілді (рецензиялау сатысында).

Жарияланған мақалалар

1) Абдина А., Уызбаева А., Жанарстанова М. Analysis of Inclusive Education in the Republic of Kazakhstan in the Context of the Philosophy of Independent Living // ҚазҰУ Хабаршысы. Философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы. – 2023. – №4(86). – Б. 22-32. https://doi.org/10.26577/jpcp.2023.v.86.i4.03

2) Абдина А., Уызбаева А., Кучко Е. Digital Inclusion in Philosophical Discourse: An Analysis of Government Programs in Kazakhstan and Belarus // Jete – Journal of Philosophy, Religious and Cultural Studies, 2025. – №1. – Б. 23-42. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-150-1-23-42

3) Абдина А., Уызбаева А., Жанарстанова М., Коспаков А. The Philosophy of Equal Opportunities: Assistive Technologies in the Context of Inclusive Higher Education in Kazakhstan // ҚазҰУ Хабаршысы. Философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы, 2025, №2. https://doi.org/10.26577/jpcp20259221

4) Абдина А., Уызбаева А., Жанарстанова М., Коспаков А. University Teachers’ Perceptions and Readiness for Inclusive Education in Kazakhstan: A Quantitative Survey // International Journal of Inclusive Education (рецензиялауда)

5) Абдина А., Уызбаева А., Жанарстанова М., Коспаков А. The Role of Assistive Technologies in Forming an Inclusive Culture of Higher Education Institutions in Kazakhstan // The Paris Conference on Education 2025: Official Conference Proceedings (ISSN: 2758-0962), Б. 287–294. https://doi.org/10.22492/issn.2758-0962.2025.22

6) А. Уызбаевамен сұхбат: Инклюзиялық білім беруде ізденіс керек // «Сарыарқа Самалы». – 2024. – 21 қараша.

7) Калдыбекова А., Абдина А., Уызбаева А., Жанарстанова М., Коспаков А. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру саласында инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асырудың шолуы (ғылыми брошюра) – Astana IT University, 2024. – 37 б.

8) Уызбаева А., Абдина А., Жанарстанова М., Коспаков А. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды жоғары оқу орындарында оқыту: АҚШ, Жапония және Қазақстан мысалында (ғылыми брошюра) – Astana IT University, 2024. – 26 б.

Жоба тобы

Анар Уызбаева

PhD, қауым. профессор

Айнур Абдина

филос.ғ.д., қауым. профессор

Марал Жанарстанова

PhD, профессор ассистенты

Айтуар Коспаков

әлеум. ғ. магистрі, PhD кандидаты

Дана Каскабаева

PhD

homescontents fatih escort bahçelievler escort avcilar
homescontents
https://www.fapjunk.com
sakarya escort akyazı escort arifiye escort erenler escort eve gelen escort ferizli escort geyve escort hendek escort otele gelen escort sapanca escort söğütlü escort taraklı escort
sakarya escort akyazı escort arifiye escort erenler escort eve gelen escort ferizli escort geyve escort hendek escort karapürçek escort karasu escort kaynarca escort kocaali escort otele gelen escort pamukova escort sapanca escort söğütlü escort taraklı escort
Sakarya escort Sakarya escort Sakarya escort Sakarya escort Sakarya escort Sakarya escort Sapanca escort Sapanca escort Sapanca escort Sapanca escort Karasu escort
ataşehir escort kadıköy escort kartal escort maltepe escort