Astana IT University Зияткерлік жүйелер мектебінің директоры, профессор, философия докторы Ильясов Бауржанды Астана қаласында жас ғалымдарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында пәтер алуымен құттықтайды

Astana IT University Зияткерлік жүйелер мектебінің директоры, профессор, философия докторы Ильясов Бауржанды Астана қаласында жас ғалымдарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында пәтер алуымен құттықтайды.

Астана қаласынан 10 жас ғалымға Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым саласының беделін арттыру және жас зерттеушілерге әлеуметтік қолдау көрсету туралы тапсырмасы негізінде тұрғын үй сертификаттары табысталды. Пәтерлер A-City тұрғын үй кешенінде берілді.

Сертификаттарды табыстау рәсімі Cardiff University Kazakhstan алаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен салтанатты түрде өтті. Бұл бастама ғылымды дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру және талантты зерттеушілерді елде ұстап қалу бағытындағы маңызды қадам болып табылады.

Astana IT University өз ғалымдарының жетістіктерін мақтан тұтады және жас зерттеушілер мен оқытушыларды қолдаудағы мемлекет тарапынан көрсетілген тұрақты көмек үшін алғыс білдіреді.

Бауыржан Рашитұлы, Сізге кәсіби табыстар, жаңа ғылыми жобалар мен үлкен жетістіктер тілейміз!

ataşehir escort kadıköy escort kartal escort maltepe escort