Бұл секция фестиваль бағдарламасында ерекше орын алып, AITU Киберқауіпсіздік департаментінің командасымен дайындалды. Биылғы жылы жарысқа 600-ден астам қатысушы және 180 команда қатысып, шынымен қарқынды әрі бәсекелі орта қалыптастырды.
Қатысушылар Jeopardy форматындағы классикалық CTF киберқауіпсіздік сайысында түрлі күрделілік деңгейіндегі техникалық тапсырмаларды нақты уақытта шешу арқылы бәсекеге түсті. Тапсырмалар дерлік барлық ақпараттық қауіпсіздік бағыттарын қамтыды: Web, Reverse Engineering, PWN, Cryptography, Forensics, Misc, OSINT және SCADA.
Үздік командалар HackCity киберполигонының объектілеріне қол жеткізіп, қала макетінде бақыланатын «төтенше жағдайды» іске қосуға мүмкіндік алды. Олар полигондағы Astana LRT пойызын тоқтатты, мұнай өндіру жабдығын ажыратты, сондай-ақ қаланың бизнес орталығындағы электр қуатын өшірді.
Тапсырмалар оңай болған жоқ — сондықтан нәтижелер одан әрі құнды!
1-орын — UniverSea, Academy of Cryptography Techniques (Хошимин, Вьетнам)
2-орын — mimicats, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
3-орын — Пельмени, AITU
Командалар жоғары дайындық деңгейін, қысымда жұмыс істей алу қабілетін және нақты киберқауіптерді шешудегі шеберлігін көрсетті.
Барлық қатысушыларға және AITU командасына киберқауіпсіздік білімін жаңа деңгейге көтерген кәсіби алаң құрғандары үшін алғыс білдіреміз!


