Astana IT University-де «Advising 360°: функционал, академиялық саясат және заманауи сын-қатерлер» тақырыбында академиялық эдвайзинг жүйесін дамытуға арналған семинар өтті

23 қазанда Astana IT University-де «Advising 360°: функционал, академиялық саясат және заманауи сын-қатерлер» тақырыбында академиялық эдвайзинг жүйесін дамытуға арналған семинар өтті.

Іс-шараға Бірінші проректор, Академиялық жұмыс жөніндегі проректор, Цифрландыру жөніндегі проректор, сондай-ақ Академиялық қызмет департаменті, Тіркеу кеңсесі, Оқу-әдістемелік бөлім, Халықаралық ынтымақтастық департаменті өкілдері мен академиялық топ эдвайзерлері қатысты.

Кездесудің мақсаты – бөлімдер арасындағы өзара іс-қимылды арттыру және студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін жетілдіру болды.

AITU-дағы эдвайзинг жүйесін дамытуға белсенді қатысқан және қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.