2025-2026 оқу жылының басталу күндері

Құрметті білім алушылар!

Академиялық күнтізбеге сәйкес 2025–2026 оқу жылының 1 триместрі оқу келесі төмендегі жоспар бойынша басталатынын хабарлаймыз:

1 курс бакалавриат, магистратура  және докторантура үшін:

  • 2025 жылғы 1 қыркүйектен – бейімделу, бағыттау апталығы;
  • 2025 жылғы 8 қыркүйектен – теориялық оқытудың басталуы.

Бакалавриат 2–3 курстары үшін:

  • 2025 жылғы 1 қыркүйектен – жеке білім беру траекториясын қалыптастыру;
  • 2025 жылғы 8 қыркүйектен – теориялық оқытудың басталуы.

2 курс магистранттары және қысқы қабылдау 1 курс докторанттары үшін:

  • 2025 жылғы 1 қыркүйектен – зерттеу практикасы және ғылыми-зерттеу жұмысы (докторантура үшін ҒЗЖД);
  • 2025 жылғы 8 қыркүйектен – теориялық оқытудың басталуы.

Қысқы қабылдау 2 курс магистранттары үшін:

  • 2025 жылғы 1 қыркүйектен – ғылыми-зерттеу жұмысы.

Докторантураның 2–3 курстары үшін:

  • 2025 жылғы 1 қыркүйектен – ғылыми-зерттеу жұмысы.