23-24 мамырда Shakarim University-де философ, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Республикалық жастар форумы өтті. Форумның мақсаты – қазіргі қоғамның адамгершілік тұғыры ретінде Абайдың «Толық адам» іліміне деген қызығушылықты ояту, ұлы ойшылдың философиялық идеяларын XXI ғасыр сын-қатерлері аясында қайта пайымдау, гуманизм, жауапкершілік пен жеке тұлғалық дамуды ұран емес, өмірлік стратегия ретінде қабылдайтын қазақстандық жас буынды қалыптастыру.
Форумға Astana IT University-нен тәрбие ісі жөнінде проректор Сапар Тоқсанов, әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің директоры Арман Кенжебеков және Студенттік үкімет Президенті Айша Жолдасбекова қатысты. Іс-шара барысында «AITUSA» Президенті Айша Жолдасбекова ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды.