Ғылыми кітапханада Наурыз мейрамы салтанатты түрде атап өтілді. Студенттер асықтармен «Бес асык» және «Асык ату» секілді ұлттық ойындарға белсене қатысты. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық дәстүрлеріне және ұлы ақындар мен жазушылардың шығармашылығына арналған қызықты викторина өткізілді. Қонақтарға бауырсақтар ұсынылып, барлық ниет білдірушілер кітаптардан жасалған қазақтың дәстүрлі киіз үйі бейнесіндегі инсталляцияның фонында естелік фотосуреттер түсіре алды.
